Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2493 1 пікір 19 Ақпан, 2022 сағат 17:32

Атырау МӨЗ басшысы тергеуге алынды

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды. Қаржылық бақылау агенттігі оған қатысты қылмыстық тергеу жұмыстарының жүргізілгенін растады.

Қаржылық бақылау агенттігінің мәліметінше, Шухрат Данбай Атырау МӨЗ-ге қажетті құрылғы алу үшін  бөлінген ақшаны жымқырған. Ол 16 ақпанда Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Агенттікктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға қатысты ҚР ҚК-ның 189-бабының 4-бөлімі 2-тармағымен, яғни Атырау МӨЗ-ге қажетті құрылғы алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137