Биыл қыркүйек айынан бастап мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілмек. Егер мектептер "Өзін-өзі тану" пәнін факультативті сабақ ретінде таңдаса, онда бұрынғыдай 11жыл қатарынан емес, бір оқу жылында ғана оқытылатын болады.
Бұл пән мектеп бағдарламаларында 2009 жылдан бері пайда болды. Оның бастамашысы бұрынғы президенттің әйелі Сара Назарбаева болатын. Оның мақсаты – өзінің білімі мен білігін дамыта алатын рухани, толыққанды адам қалыптастыру делінген.
Елбасы мәртебесіне ие Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы биліктен кеткенімен, Қауіпсіздік кеңесі арқылы мемлекеттік басқару тетігін өзінде қалдырған.
Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің тізгінін өзіне алды.
28 қаңтардан бастап биліктің "Нұр Отан" партиясын да Қасым-Жомарт Тоқаев өзі басқаратын болды. Саяси партия кеңесіне Назарбаевтың қызы Дариға кірмеді. Сонымен бірге елдегі барлық жоғары лауазымды қызметтерден Назарбаевтың туыстары кетті.
Abai.kz