Қазақстан неге Норвегия болмады?
Олимпиада кестесін көріп еске оралған ескі әңгіме. 5 млн 340 мың халқы бар Норвегия 37 медальмен Олимпиада Чемпионы. Біз тып-тыпил!
1997 жылы Стратегиялық ресурстар Агенттігі ашылған. Мекемемізге көрші. Аптасына бір рет Төрағасына барам. Танымал тұлға. Экономика, мұнай-газ жалпы жер асты байлықтарымызды ел игілігне ұтымды пайдалануды сөз етеміз. "Голланд ауруы" тақырыбын тарқататынбыз. Қазақстан Голландия елі тап болған экономикалық кризиске ұрынбай, жедел даму жолдарын іздестірген кез. Швециядан да озып кетеміз деп қиялданып жүрген балалық арман. Жас реформатор Министр осы бағытта Парламентке ұсынбақ Заңдарын дайындап жатқан. Керек қағаздарды сұрап алып, біліп-түйгенімді эфирде айтамын. Қазақстан Европаның ең мықты елдеріндей өркендейтініне өте сенімді едік...
Астанаға кетер кезде бас сұққам. Қорап толы кабинетінде көшке дайындалып жатқан... Бірақ бұл Агенттік жаңа Елордаға жетпеді. Ұлы көштің шаңында жұтылып қалған ізгі ниетті бастаманы сосын ешкім есіне алмады...
"Алдымен экономика, содан соң саясат" дегенде, ең бірінші міндет осы кестедегі Норвегия, Швеция, Нидерланды мемлекеттеріндей ел экономикасын жолға қою болатын.
Жалпы саяси ерік-жігер болса, “голланд ауруынан” арылып шығуға әлі де кеш емес. Самұрық Қазына әл-ауқат қоры осы міндетті толық орындауға мәртебесі де құқықтық негіздері жеткілікті.
Махат Садық
Abai.kz