Сенбі, 23 Қараша 2024
2565 0 пікір 22 Ақпан, 2022 сағат 12:40

Қырғызстан Ресейге ұсыныс жасады

Қырғызстан Ресейден миграциялық орталық құруды ұсынды. Бұл ұсынысты Жогорку Кеңеш төрағасы Талант Мамытов Мәскеуде әріптесі Вячеслав Володинмен кездесу кезінде айтқан.

Тараптар еуразиялық интеграция, сауда-экономикалық қарым-қатынасты және мәдени-гуманитарлық саланы дамыту мәселелерін талқылаған. Қырғызстан парламентінің спикері Ресейге жүрген қырғыз мигранттарының құқық жағдайын жақсартуға байланысты бірнеше ұсыныс білдірген.

"Ресей тарапқа қырғыз азаматтарын қолдау үшін миграциялық орталық құруды ұсындық. Бұл Ресейге барған азаматтарды еңбекпен қамтуға және оларға заңдық тұрғыдан кеңес беруге мүмкіндік береді", - деді Талант Мамытов.

Қырғыз парламенті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ұсынысты ресейлік әріптесі Вячеслав Володин оң бағалаған. Ол бұл ұсыныс үкіметке жіберілетінін айтқан.

2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Ресейге жұмыс істеу үшін баратын шетел азаматтары 30 күн ішінде медициналық тексеруден өтуі тиіс. Ресми мәлімет бойынша Қырғызстанның 1 млн 118 мың азаматы шетелде жұмыс істейді. Олардың миллионы Ресейде жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349