Сенбі, 11 Қазан 2025
2666 0 пікір 25 Ақпан, 2022 сағат 12:24

Қазақстан Украинаға ұшуға тыйым салды

Қазақстандағы әуе компанияларына Украина әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салынды. Республиканың азаттық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Украина аумағында ұшу азаматтық авиация үшін өте қауіпті екені ескеріліп, отандық әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды", — делінген комитет мәлімдемесінде.

Мәліметтерге қарағанда, Алматы — Киев ("Эйр Астана" әуе компаниясы, аптасына үш рет), Нұр-Сұлтан — Киев ("Эйр Астана", аптасына бір рет) рейстері ұшпайтын болды.

"Эйр Астана" әуе компаниясы Киевқа қатынайтын рейстердің бәрі 2022 жылдың 7 наурызына дейін тоқтағанын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 810
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9870