Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 5377 11 пікір 28 Ақпан, 2022 сағат 17:28

Ресей мусорға айналды

Ресей мусорға айналды. Осының арқасында Қазақстан ТМД бойынша инвестициялық тартымдылығы ең жоғары ел статусын алып отыр.

Суверенді рейтинг нарығындағы эталон - S&P Ресейдің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін BB+ деңгейіне түсірді. Бұл инвестициялық деңгейден төмен, қаржыгерлер тілімен "мусор" деп аталады. Инвесторлар Ресейдің қарыз облигацияларынан толық кетуде, ал ертеңге тіке көз салатын болсақ, енді Ресейдің халықаралық қаржы, инвестиция нарығында ешқандай болашағы жоқ.

Қазақстанның рейтингі ВВВ-. Инвестиция үшін тартымды, жағдайы тұрақты дегенді білдіреді. Әрине, біз ААА бола алмаймыз, бірақ өз аймағымызда көш бастағанымыздан бірнеше дивиденд алуға болады.

Ресейдің бұған дейін жинақтаған резервтері таусылғаннан кейін (менің есебімше 2-3 жыл), біз Еуразиялық одақ көлемінде орыс гастербайтерлігімен бетпе-бет келуіміз мүмкін. Орыс гастербайтерлері бірінші кезекте Қазақстанға ағылатын болады. Біздің экономика оған дайын ба? Қазірден бастап болашақ орыс гастербайтерлерін тиімді пайдалану, әсіресе техникалық мамандық иелерін жаңа инновациялық салалар құруға жұмылдыру бойынша жоспар құру қажет.

Сонымен бірге, санкциядан не істерін білмей отырған, бұған дейін Ресейде жетістікке жеткен, технологиялары бар IT компанияларды өз юрисдикциямызға алып, оларды Қазақстанға ірі салық төлеп, біздің мамандарға жұмыс орындарын ашатындай шұғыл келіссөздер өткізуге болады. Ол бюджеттің көптеген проблемаларын шешеді.

Қазір, жағдайды интуитивті сезініп отырсаңыз, Қазақстанға көптеген керемет мүмкіндіктер ашылды. Бізді қанша мәжбүрлесе де, Ресейді саяси қолдап мәлімдеме жасауға асықпау керек. Үндемей уақыт созған дұрыс. Басты мақсат, Қазақстанды санкциядан аман алып қалу. Батыс елдері Қазақстанның қазіргі деолигархизация бағытын өте жылы қабылдап отыр, бізге деген көзқарастары жақсы. Бұл елімізге тамаша шанс береді.

Айбар Олжаев

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036