Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 6368 8 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 13:26

Алқымнан алған санкция Кремльді алысқа ұзатпайды

Украинадағы Ресей агрессиясын тоқтату мақсатында әлемнің дамыған елдері Мәскеуді санкция қыспағына алуда. Санкциялар бірлескен форматта немесе жекелеген мемлекеттер ретінде салынуда. 

Ресей рублі санкциялар әсерінен құлдырап барады. Бұл Батыстық тараптың Ресей банктерінің активтерін бұғаттап, бірқатар ресейлік банкті SWIFT-тен ажырату туралы шешім шыққан сәтте іске асуда. Бұл қадам Ресей нарығындағы көптеген төлем түрлерін тоқтатып тастауы мүмкін, санкциялар тек энергетика саласы бойынша ғана салынбады.

Ресей қаржы нарығында нағыз ажиотаж басталды. Салымшылардың 30%-ға жуығы депозиттерін өзге ел валютасында ұстаған. АҚШ-тың санкциялық пакетіне Сбербанк те енгізілген еді. Ал кешегі Еуропа елдерінің биржасында банктің акциялары құлдырап, нөлге дейін түсіп кеткен. АҚШ банктері Сбербанкпен жасалатын барлық аударым және төлем құжаттарын 26 наурызға дейін аяқтауы тиіс, одан кейін бұл банкпен байланыс толық үзіледі.

Алғашқы жойқын санкциялар 22-23 ақпан күндері салына бастады. Ол Ресейдің Луганск және Донецк бүлікшілерін жеке мемлекет деп мойындағанынан кейін, қарсы жауап ретінде іске асты. Ал 24 ақпан күні Ресей басып кірген сәтте, Батыс елдерінің жойқын санкциялары күшейе түсті. Сол күні ақ, Еуропа мен АҚШ Ресейге санкцияны күшейтті.

АҚШ санкция салған ресейлік банк тұтынушылары Apple Pay мен Google Payді төлемақыны іске асыру мақсатында қолдану құқығынан айырылды. Сонымен бірге, АҚШ пен Еуропа елдері Ресейге жоғары технологиялық тауарларды жеткізу, энергетика саласына арналған құрылғыларды беруге тыйым салды. Сондай-ақ, ендігі уақытта Батыс Ресейге ұшақ сатпайды. Ал қазіргі Ресейде бар ұшақтарға техникалық жөндеу қызметтерін көрсетпейді. Бұл алдағы уақытта Ресейдің азаматтық авиациясы ұшақтарының тең жартысынан айырылуы мүмкін дегенді білдіреді.

Ал демалыс күндері АҚШ пен Еуропа санкциялардың үшінші легін салды. Бұл жолы Ресей экономикасы есеңгіреп қалды десек те болады. Себебі санкция енгізу барысында алғаш рет ресейлік банктерді SWIFT-тен ажырату айтылды. Сонымен бірге, Ресейдің Орталық банкінің активтері бұғатталды. Бұл Ресейдің ең қуатты банкі саналады.

Ресей әскери қимылдарды бастаған сәтте-ақ, Ресей тұрғындары жаппай есепшоттарынан ақша шеше бастады. Сарапшылар алдағы уақытта сөзсіз инфляция көлемі артатынын айтады.

Ресейді экономикалық қыспаққа алу жалғасын табады. Бұл туралы Еуропалық Одақ мемлекеттері мәлімдеді. Алдағы уақытта Еуропа Ресей газынан толық бас тартуға ниетті, қазірдің өзінде «Солтүстік ағым-2» газ құбыры іске қосылмайтыны белгілі болды. Аталмыш жобаға Ресей 11 млрд доллар жұмсаған болатын.

Ресейге санкция салуды тіпті, 1815 жылдан бері әлемдің саясатта бейтараптық позициясын ұстанып келе жатқан Швейцария да құптады. Швейцария екі бірдей жаһандық соғыстың өзінде бейтарап қалған болатын.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397