Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Күбіртке 7879 21 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 12:49

Путин Гамлеттік сауалдың алдында тұр!

Бүгінгі күні Путиннің шақшадай басын шарадай етіп отырған  Гамлеттің аузынан түспейтін: «Бол­ам ба, болмаймын ба?» – деген Ресей империясының тағдыршешті сауалы.

Әлемде де, Қазақстанда да Украинадағы соғыс туралы біржақты ақпарат көп, оған аузын ашып сеніп отырғандар да көп. Біреуді кінәлап, біреуін қолдап футбол ойынын көріп отырғандай шуылдағанның мәні жоқ.

Бірақ Украинада не болып жатқанын түсінуіміз керек. Ашығын айтқанда, Ресей Федерациясы дүниежүзілік картада қала ма, жоқ па, оны осы Украинада шешпекші. Ресейдің бар болуы мен жоқ болуы Қазақстанның да  болашақтағы тағдырына аса зор әсер етеді.

Азияда Ресейді Қытай басқыншылығынан бөгеп тұрған екі үлкен мемлекет бар. Ол – Қазақстан мен Моңғолияның территориясы. Бұл екі ел болмаса, Ресей оңтүстігінде Қытаймен шектеседі. Қытайлықтар Сібірді Ресейден айырылған тарихи территориясы деп санайды және мүмкіндікті асыға күтіп отырған ел.

Ал Еуропа бағытында АҚШ бастаған НАТО-ның бұндай әрекетіне тосқауыл қойып отырған екі ел – Беларусь пен Украина. Әсіресе, Украинадағы Қырым түбегі орыстардың Қара теңіз арқылы Жерорта теңізіне өтетін бірден-бір жолы. Оны жоғалту – орыс флотын жоюмен бірдей болар еді. Сонымен қатар, Украина шекарасы Мәскеуге жақын. Егер Украина НАТО-ға қосылса, АҚШ Украинаға әскері мен зымырандарын орналастырып, бес минут ішінде Ресей астанасы Мәскеуге ядролық соққы бере алады.

АҚШ 1991 жылдан бері Еуропадағы орыстың шағын көршілерін өз қатарына қосып, Ресейді қоршап, қару-жарақ орналастырып келеді. Путин Украина мен Беларусьті НАТО-ға беріп қойса, Ресей қалған барлық артықшылығынан айырылып, АҚШ-тан жеңіледі. Путин жеңілсе,  Ресей 1990 жылғы хаосқа қайта оралып, бас-аяқсыз ыдырап, жерін шетелдіктер бөліп ала бастайды. Бұл ретте Қытай «жоғалған территория» санайтын Сібірмен қоса Қазақстанның жартылай терриориясы және Моңғолия мәселесін де көтереді.

Өкінішке орай, Украинада үлкен мәселе көтерілді. АҚШ және Еуропа Ресейге адал жалғыз еуропалық көршісі Беларусьте түрлі-түсті төңкеріс жасай алмаса да, 2014 жылы Украинада АҚШ-ты жақтайтын күштерді билікке келтіре алды. Осыған байланысты Ресей Қырым түбегіндегі әскери-теңіз күштерін жоғалтып алмау үшін Қырым түбегіне әскерін кргізіп оны өзіне қосып алды. Сол үшін Батыс Ресейге қарсы санкция салып, Украина жұртшылығының Ресейге қарсы наразылығын қоздырып, Ресейге деген өшпенділік  тудырды, ақыры украиналықтардың В.Зеленскийді  президент етіп сайлауы Украинаның НАТО-ға кіруіне түрткі болды.

Бірнеше күн бұрын Зеленскийдің әрекетіне «жынданған» Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға кіруіне үзілді-кесілді қарсы екенін айтып, егер Украина НАТО-ға мүше болып, ал АҚШ қару-жарағын Украина террриториясына орналастыратын болса АҚШ 5-ақ минутта Мәскеуге зымырандармен соққы бере алатын мүмкіндікке ие болады дегенді ашық айтқан  болатын. Алайда Зеленскийге қайткенде НАТО-ға кіру туралы батыстан берілген нұсқауы бар екені белгілі болды.

Путинде таңдау қалмады. Ресей өз тәуелсіздігін қорғау үшін нағыз «Ұлы Отан» соғысына кірісуде ...

Қазақстан үшін «Екі түйе сүйкенсе...» болмаса екен, «өзімдің екі үй де аман болса екен!», - деп тыныштықты тілеуден басқа жол жоқ!

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052