Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3024 0 пікір 2 Қазан, 2012 сағат 09:47

Қытай шаруалары өз өнімін жемейді екен

Қытайда Шоугуан қаласының шаруалары өздері сататын өнімдерді жемейді.

Шоугуан қаласын қытай көкөністерінің отаны деп атайды. Жыл сайын онда 59 мың гектар жерден бірнеше миллиондаған тонна көкөніс жиналады, олар экологиялық таза, табиғи өнімдер белгісімен бүкіл елге тарайды. Бейжіңдегі көкөністердің төрттен бір бөлігі осы қаладан әкелінеді. Алайда, көкөніс өсірушілер өздері бұл өнімдерді тұтынбайды екен. Тамыздың соңында The China Economist қытай басылымының тілшісі аталмыш аймаққа барып, ондағы көкөністердің барлығы пестицидтер, агрохимикаттар мен өсім ынталандырушы заттарды көптеп пайдаланудың арқасында өсірілетіндігін анықтап қайтты. Бұл аймақтағы көкөністердің жартысы жылыжайларда өсіріледі, ол жақтағы жылыжайлар саны бес мыңнан асып түседі, деп жазады «Қазақ-Бидай» АА portamur-ға сілтеме жасай отырып.

Жергілікті шаруаның айтуынша, агрохимикаттар мен пестицидтер көп мөлшерде пайдаланылмаса, бұл жерде «сатуға тұрарлық ештеңе де өсіп шықпайды» екен.

«Мұндағы жерлер жыл бойы үздіксіз пайдаланылады. Ол баяғыда құнарсызданып біткен», - дейді ол.

Химикаттарды мөлшерден тыс пайдалану топырақтың айтарлықтай дәрежеде қышқылдануына алып келді. Шоугуанның жергілікті шаруашылығының 90%-ға жуығы қышқыл топырақты қалайтын қауіпті зиянкес - тамыр нематодасының шабуылына ұшырайды. Жергілікті шаруалар одан қажыған сыңайлы, тіпті Ғаламторда осы зиянкеспен күресудің тиімді тәсілін ұсынушыға сыйақы береміз деп жариялапты.

Шаруалардың айтуынша, 2 му (0,14 га) жерді алатын әр жылыжайға жыл сайын орта есеппен 15 мың юаньға (шамамен 2380 доллар) тыңайтқыштар мен 5 мың юаньға (793,6 доллар) пестицидтер пайдаланылады екен.

2010 жылы Гринпис экологиялық ұйымы Шоугуан ауданының экологиялық жағдайына арнайы зерттеу жүргізген болатын. Нәтижесінде, су құбырындағы су мен егістіктер маңындағы құдық суларының ластану деңгейі ұлттық нормадан орта есеппен 20 есеге артық екендігі анықталды. Экологтардың есебіне сәйкес Шоугуанның жер асты сулары нитраттармен ластанған, олардың негізгі көзі егістіктерде пайдаланылатын тыңайтқыштар болып табылады. Аталмыш ауданның сатылымға жіберетін ауыл шаруашылық өнімдерінің 10%-ға жуығы ғана сапа тексерісінен өткізіледі, ал қалғаны елге тексеріссіз таралады екен.

BNews.kz сайтынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351