Елімізде 2030 жылдан соң жаппай су тапшылығы басталады
Суды үнемдейтін жүйеге көшпесек, елімізде 2030 жылдан соң құрғақшылық болуы мүмкін. География институты бастап, 4 жыл көлемінде жер асты және жер үсті су ресурстарына зерттеу жүргізген 300 ғалым болашаққа осындай болжам жасап отыр.
Қазақстанның су қоры қандай деңгейде, қауіпсіздігі қаншалықты қорғалуда, ол қай уақытқа дейін жеткілікті, оны үнемдеудің әдіс-тәсілдері қандай - бұл бүгінде су ресурстарына қатысты мемлекеттік, тіпті халықаралық деңгейде көтеріліп отырған мәселелердің бірі. Бұл су ресурстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген отандық мамандардың пікірі.
Су сапасына талдау жасай келе, ғалымдар елімізде суы таза өзеннің қалмағанына көз жеткізген.
Мәлік Бөрлібаев, техника ғылымдарының докторы, профессор:
- Қазір бізде өкінішке орай Тобыл өзенінен басқасының бәрі ластанған. Оны ішпек түгілі, суармалы жерлерге пайдалануға болмайды. Ластанғаны сонша күрішпенен адамның ағзасына еніп, улап отыр.
Су сапасының сын көтермеуі-бұл қазақ жерінің ғана емес, сондай-ақ іргеміздегі 5 көрші мемлекеттің де өзегін өртеген мәселе. Тіпті қара су үшін талас саясатқа айналып, бауырлас ағайындардың қатынасы да қиындап бара жатқан жайы бар.
Ахметқал Медеу, География институтының директоры:

- Қазақ айтады "судың да сұрауы бар" деп. Сондықтан су мәселесі мына Орталық Азияда, су тапшы жерде өте бір шиеленген мәселе. Сол мәселені біз шешуіміз керек.
Дереккөз: news.nur.kz