Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2901 0 пікір 3 Қазан, 2012 сағат 08:14

Мәлімдеме: Еуразиялық одаққа қарсымыз!

25-нші қыркүйек күні Алматыда Еуразиялық одаққа кіру мәселесінде жалпыхалықтық референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ жиын ұйымдастырды. Оған  оппозиция өкiлдерi, үкiметтiк емес ұйымдар, зиялы қауым мен саясаттанушы, экономист сарапшылар қатысты. Төменде сол жиынға қатысушылардың мәлімдемесін ұсынып отырмыз.

«Abai.kz»

 

Бiздер бiрнеше айдан берi Тәуелсiз мемлекеттердiң қарым-қатынасында бұрын-соңды болмаған жағдайды байқап отырмыз. Ресей президентi В.Путин өзiнiң нөкерлерiне құрамына Ресей, Қазақстан және Белорусь кiретiн Евразиялық Одақ (ЕО) құру жөнiндегi жұмыстарды ширатып, сол Одақтың алғашқы басқарушы органы -  Евразиялық Парламенттi жасақтауды жеделдетуге нұсқау беруiн жиiлеттi. Ал оған бiздiң жоғарғы билiктегi лауазымды адамдар селт етiп үн қатар емес, тiптi 1994 жылы Евразиялық Одақ құру идеясын бiрiншi болып көтерген, күнi кешеге дейiн сол идеясын тықпалап келген президент Н.Назарбаевтың өзi де ләм-мим деуге дәрменсiз қалыпта.

25-нші қыркүйек күні Алматыда Еуразиялық одаққа кіру мәселесінде жалпыхалықтық референдум өткiзу жөнiндегi бастамашыл топ жиын ұйымдастырды. Оған  оппозиция өкiлдерi, үкiметтiк емес ұйымдар, зиялы қауым мен саясаттанушы, экономист сарапшылар қатысты. Төменде сол жиынға қатысушылардың мәлімдемесін ұсынып отырмыз.

«Abai.kz»

 

Бiздер бiрнеше айдан берi Тәуелсiз мемлекеттердiң қарым-қатынасында бұрын-соңды болмаған жағдайды байқап отырмыз. Ресей президентi В.Путин өзiнiң нөкерлерiне құрамына Ресей, Қазақстан және Белорусь кiретiн Евразиялық Одақ (ЕО) құру жөнiндегi жұмыстарды ширатып, сол Одақтың алғашқы басқарушы органы -  Евразиялық Парламенттi жасақтауды жеделдетуге нұсқау беруiн жиiлеттi. Ал оған бiздiң жоғарғы билiктегi лауазымды адамдар селт етiп үн қатар емес, тiптi 1994 жылы Евразиялық Одақ құру идеясын бiрiншi болып көтерген, күнi кешеге дейiн сол идеясын тықпалап келген президент Н.Назарбаевтың өзi де ләм-мим деуге дәрменсiз қалыпта.

Мәскеу Евразиялық Одаққа кiрген мемлекеттердiң тәуелсiз саяси өкiлеттiктерiнiң бiраз бөлiгi ұлттық институттардан жоғары тұрған ортақ құрылымдарға берiлуi тиiс екендiгiн тiптi жасырмайды да. Қазiргi кездегi Ресей басшылығы ұстанған саясаттағы негiзгi бағыттардың бiрi - ұлыдержавалық  дәстүрлерiн қайта жаңғыртып, жерлердi жинастыру,  Ресейге  әлемдiк сасатта ықпалын жүргiзетiн бұрынғы мәртебесiн қайтарып алу екендiгi әмбеге аян. Кремль   бұл мақсаттарына жету үшiн тұтастай әскери және экономикалық шараларды iске қосуға, озбырлық, басқыншылық және арандатушылық саясатын iске асыруға қабылеттi екендiктерiн әлденеше рет танытқан.

Ресей Федерациясының экономикасы қазақстандiкiнен 10 есе, ал халқының саны 9 есе артық. Осыны көлденең тартқан ресейлiктер Еуразиялық Экономикалық комиссияның 80 пайызын құрап отыр.  Еуразиялық Одақтың  ақшасын басатын станокты да Ресейдiң өзiнде қалдырары тiптi анық нәрсе.

Осының бәрiнен шығатын қорытынды бiреу: Қазақстанның Еуразиялық Одаққа мүше болуының ақыры бiздiң елiмiздi өз тарихындағы қайғылы кезеңге ұрындырады - мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiздi жоғалтуға алып барады!

Бiз мемлекетiмiздi бүгiнгi күнi жарға итерiп жатқан Қазақстан мен Ресей басшыларының ашық немесе астыртын жасаған әрекеттерiне, олардың жең ұшынан жалғасқан келiсiмдерiне қарсы екендiгiмiздi мәлiмдеймiз!

Бiз елiмiздiң тағдыры шешiлетiн сәтте Қазақстан халқының  шешiм қабылдаудан мүлде шеттетiлгенi былай тұрсын, тiптi, болып жатқан оқиғаларға қатысты айқын ақпарат алудың орнына, жалғандыққа тап болатынына күйiнемiз!

Бiз Еуразиялық Одақ құру бастамашыларының бiрiккен Еуропаның тәжiрибесiн тiлге тиек етiп, оны орынсыз көлденең тартуларына үзiлдi-кесiлдi қарсымыз. Еуроодаққа  өзара сенiммен бiрiккен,  шешiм қабылдаудың және қарама-қайшылықты реттеудiң қалыптасқан, ашық жүйелерi бар,  маңызды барлық мәселер бойынша жалпыхалықтық референдумды ұдайы өткiзетiн демократиялық мемлекеттер мүше болып кiрген.

Елiмiздiң бұдан арғы тағдырына алаңдаушылық бiлдiрiп,бiз азаматтардың Қазақстанның Еуразиялық Одаққа қатыспауы туралы мәселенi жалпыхалықтық референдумға шығару жөнiндегi бастамаларын  қолдаймыз!

Мәселе мемлекеттiң Тәуелсiздiгiне байланысты болғандықтан бiз президент Н.Назарбаевтан мемлекет басшысы және Конституция кепiлi ретiнде саяси интеграцияға қатысты, Еуразиялық Одақ пен Еуразиялық парламенттi құру жағдайы туралы толық есеп беруiн талап етемiз. Президент  Қазақстанның мемлекетiмiздiң Тәуелсiздiгiне қатер төндiретiндей қандай да бiр қадамға бармайтынына айқын кепiлдiк беруi қажет. Бiз елiмiздiң заңдарына Қазақстан Республикасының тәуелсiз саяси өкiлеттiлiгiнiң кез келген бөлiгiн бәрiнен жоғары тұратын әлдебiр ұлттық саяси құрылымдарға беруге тиым салатын баптар енгiзiлуi тиiс деп есептеймiз!

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Кедендiк одаққа кiргеннен бергi алғашқы нәтижелер туралы, оның iшiнде - үстiмiздегi жылдың бiрiншi жарты жылдығында отандық тауарды экспорттаудың 30 пайызға төмендеуiнiң, КО-қа мүшелiкке байланысты iшкi бағаның өсiп кетуiнiң  себептерi туралы да есеп беруi қажет. Бiз экономикалық әзiрлiгi жоқ Қазақстанның Кедендiк Одаққа одан әрi қатысуының мәселесi кеңiнен қоғамдық талқыға түсуi тиiс деп есептеймiз.

Бiз Қазақстан билiгiнiң қолында, терезесi тең емес халықаралық жақындасуларға әуестенбей - ақ, Ел азаматтарының лайықты тiршiлiгiн қамтамасыз ете алатын, заманауи экономиканы және бәсекеге қабiлеттi мемлекеттi қалыптастыратын тиiмдi де сенiмдi тетiктер жеткiлiктi деген сенiмдемiз! Қазақстанның қазба байлығы  мен шетелдерге шығарылған миллиардтаған доллар қаржыны халыққа қайтару, демократиялық реформаларды жүзеге асыру, билiктi  бақылауда ұстау және жауапты ету қажет!

Қазақстанның Тәуелсiздiгi - бұл бiздiң ешқашан құнсызданбайтын байлығымыз!   

Бұл бiздiң тiршiлiгiмiздiң тамыры, әрбiр қазақстандықтың жаны мен жүрегiнiң қуаты!

Қазақстанның Тәуелсiздiгi - ата-бабаларымыздың сан ұрпағының iске асырылған асқақ арманы, оны әлдебiр саясатшылардың қолжаулығына айналдыра алмаймыз!

25 қыркүйек 2012 жыл

Алматы қаласы

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353