Жексенбі, 24 Қараша 2024
5939 13 пікір 3 Наурыз, 2022 сағат 14:50

Ресей депутаты: Әскер кіргізу қателік болды

2022 жылы 15 ақпан күні Ресей Мемлекеттік Дума депутаттары Донбасс пен Луганскі аймақтарын тәуелсіз республика деп жариялау туралы қаулыны бір ауыздан мақұлдаған еді. Нақтырақ айтсақ, 351 депутат қолдап дауыс берді.

Басында мұндай авантюристтік құжатты қолдап дауыс берген Ресей депутаттарының кейбірі бұл ісіне өкіне бастады. Солардың бірі КПРФ партиясының депутаты – Михаил Матвеев. Алғашқылардың бірі болып үкіметтен Украинаны бомбалауын тоқтатуды талап етті.

Депутатпен BBC тілшісі сұхбаттасып, неге мұндай қадамға барғанын сұрап көрді. Сұхбатынан үзінді ұсынамыз.

"Мемлекеттік Думаға келген құжатта ДХР мен ЛХР-ді тәуелсіз ел деп жариялау жайлы, сол арқылы Донбаста болып жатқан сегіз жылдық соғысты доғару мақсаты ғана көрсетілген-тұғын. Бейбіт әскер кіргізу жайлы ғана сөз болды. Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз ел деп мойындағанымыз сынды сценарий болады деп ойладық. Бүкіл депутат солай ойлады, ойында сол ғана болды. Мүмкін арамыздан кей депутат пен сенаторлар алда не боларын іштей білген де, сезген де болар. Бірақ олардың кім екенін мен білмеймін. Хабарым жоқ. Дәл қай тұстан кемшілік кетті – оны да білмеймін. Біз қабылдаған қаулының мұндай алып соғысқа әкелетінін кім білген? Бейбіт әскер Донбасқа кіріп, тәуелсіз республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс еді. Бірақ құжатқа дауыс берудің соңы Киевті бомбалауға әкелетінін, Ресейдің бүкіл әскери күші Украинаға басып кірерін кім білген? Ертеңінде Ресейдің Украинаға басып кіргенін көріп-естіп, шалқамнан түсе жаздадым. Депуттардың ешкімі де мұны күтпеді, шыны керек. Мемлекеттік Думадан шыққан құжат пен Федерация кеңесінде талқыланған мәселенің арасында алшақтық бар", - дейді Матвеев.

Оның ойынша, әскери басқыншылық жасамай Ресей басшылығы Украина билігімен бейбіт келісімге келуі керек еді.

"Соғысты бастаған билік партиясы ("Единая Россия" - ред.)  Украина билігімен келісім жасап көруге тырыспаған да сыңайлы. Ойы Донбасты қорғау емес. Ресей мына маштабты әскери басқыншылығын тоқтатуы тиіс. Соғыстың соңы қалай ушығып кеткенін дәл айту қиын. Бірақ Украинада болып жатқан жағдай – бұл нағыз катастрофа. Ресей де, Украина да, бүкіл әлем бұл конфликтіні шешуге атсалысуы керек. Украина билігінің ұлтшыл екенін бәріміз білеміз. Бірақ Ресей ешқашан өзі соғыс бастамаған ел еді ғой. Тарихта абыройды ұстап тұрған да осы қасиет еді. Енді бұдан айырылғалы тұрмыз. Ресей билігінің қателігі де сол – мәселені бейбіт жолмен шешудің бүкіл дүниежүзілік тәсілін, жолдарын қолданып көрмей, бірден шабуылға шығуы. Украина да сау сиырдың боғы дей алмаймын. Бірақ Ресей ағалық, арағайындық жасауы, ізет көрсету керек еді", - дейді депутат.

Дереккөзі: bugin.kz

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5565