Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Саңлақ 4979 0 пікір 8 Наурыз, 2022 сағат 13:14

Паралимпиадан алғашқы жүлде қоржынға түсті

Петропавлдық Александр Герлиц 2022 жылғы Қысқы паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медалін салды. 32 жастағы қазақстандық спортшы Александр Герлиц (LW6 класы, биатлон, тік тұрып жүгіру) қысқы паралимпиада ойындарында үздік үштіктен көрінді.

Қазақстандық спортшы биатлоннан 10 шақырымға жүгіруде қола жүлдені жеңіп алды. Александр Герлицтің нәтижесі 33 мин 6,5 секунд. Ол төрт атыс сызығында үш рет мүлт жіберіп алып, жеңімпаздан 1 минут 21,3 секундқа қалып қойды.

Алтынды канадалық Марк Арендц, күмісті украиналық Григорий Вовчинский жеңіп алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 403
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1394
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 370
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 339