Жексенбі, 24 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 3899 28 пікір 10 Наурыз, 2022 сағат 13:45

Қымбат көліктер, зәулім үйлер: Мәсімовтің мүлкі тәркіленді

«Қасіретті қаңтар» көтеріліснде мемлекеттік билікті басып алу және төңкеріс жасауға ұмтылу баптары бойынша ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов тұтқындалған болатын. Оны тергеу және тексеру аса құпия негізде жүруде. Заңгерлер Мәсімовке тағылған айыптардың ауыр екенін және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру мүмкіндігін жасырмайды. 

Мәсімовке қатысты істің мән-жайын ҰҚК жариялады. Қазіргі уақытта оның заңсыз үй-жай иемденгені, еліміздегі кәсіпкерлерден қымбат сыйлықтар алғаны құжат түрінде дәлелденді.

Мәсімов ҰҚК басшысы болған сәтте шетел азаматтарынан жабық келісім бойынша 2 млн. доллар пара алған деген күдік бойынша да тексеру басталды. Гонконгтегі Кәрім Мәсімовке тиесілі қаржыны Ұлттық банкке қайтару механизмдері жасақталып, іске асуда.

Сонымен бірге, Мәсімов премьер-министр қызметін атқарған сәтте құны 2,5 млрд. теңге болатын зәулім үй мен жер телімін бизнес өкілінен алғаны бойынша да тергеу басталды. Қаңтар айында аталмыш үйді тексеру барысында 17,2 млн. доллар мен қымбат бұйымдар тәркіленген болатын.

Жалпы жиынтығы Мәсімовке тиесілі деген 11 қымбат көлік анықталып, мемлекет иелігіне өтті.

Нұр-Сұлтан қаласындағы қымбат екі пәтер мен Алматыдағы зәулім үй, Щучинск-Бурабай аймағындағы шипажайға арналған 1 га жер телімі де сот барысына байланысты тәркіленбек.

Мәсімовтің жақындарынан 5,1 млн. доллар тәркіленді. ҰҚК бұрынғы басшысының АҚШ-та зәулім үйлері бары белгілі болды. Сонымен қатар, бірқатар Еуропа елдерінде есепшоты мен жылжымайтын мүлкі бары анықталды. 

ҰҚК аталмыш іс бойынша қоғамға арнайы брифингтер арқылы нақты ақпараттар беріп отыратынын айтты.

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588