Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3062 0 пікір 20 Шілде, 2009 сағат 20:13

Қазақстанның қаржы орталығына айналуға мүмкіндігі бар

Өткен аптада Алматыда бiр топ ресейлiк және қазақстандық сарапшылар бас қосты. Бас қосқандар ресейлiк "Дағдарыстан кейiнгi әлем институты" мен қазақстандық "Zertteu DC Group" компаниясының өкiлдерi. Жиында шетелдiк мемлекеттердiң антидағдарыстық iс-әрекеттерiне баға беру және экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi қазақстандық бағдарламаның әзiрлену барысы сөз болды.

Өткен аптада Алматыда бiр топ ресейлiк және қазақстандық сарапшылар бас қосты. Бас қосқандар ресейлiк "Дағдарыстан кейiнгi әлем институты" мен қазақстандық "Zertteu DC Group" компаниясының өкiлдерi. Жиында шетелдiк мемлекеттердiң антидағдарыстық iс-әрекеттерiне баға беру және экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi қазақстандық бағдарламаның әзiрлену барысы сөз болды.

Сарапшылардың ортақ пiкiрiне сүйенсек, Қазақстанның аймақтық қаржы орталығына айналу мүмкiндiгi жоғары. Соңғы бiр жыл iшiндегi әлемдiк қаржы үрдiстерiн саралаған әлемнiң аузы дуалы қаржыгерлерi экономикалық өсiм көрсеткiшiнде Қазақстанның орны көшбасшылар қатарында келе жатқанын айтады.
Қазақстан үкiметi мұндай табысқа дағдарысты еңсерудiң тиiмдi стратегиялық бағдарламасын қабылдау арқылы қол жеткiзiп отыр. Әлемнiң 51 мемлекетiнiң 200-ден астам қаржыгерлерi, шенеунiктерi, алпауыт компаниялардың басшылары қатысқан кешендi зерттеме "Дағдарыстан кейiнгi қаржылық архитектура" деп аталады.
Сарапшылардың пiкiрiне қарағанда, жақын арада әлемдiк қаржы жүйесiнде елеулi рөлге ие болатын БРИК-ке мүше болмаса да, Қазақстан экономикалық және қаржылық саясатты берiк ұстайтын дәстүрлi елдер - АҚШ, Ұлыбритания, Германия және БРИК елдерiмен бiрге әлеуетi аса жоғары мемлекеттердiң тiзiмдерiнiң қатарынан көрiнiп келедi екен.
"Дағдарыстан кейiнгi әлемнiң қаржылық архитектурасы" тақырыбындағы бұл жұмыс халықаралық ұжымдық сараптаманы тереңдетiлген экономикалық зерттеулермен байланыстыратын бiрегей сауалнама болып табылады. Сарапшылар өткiзген аталмыш сауалнамаға жаһандық мамандар қатысып отыр. Атап айтар болсақ, 51 мемлекеттiң 223 маманы қатысыпты. Дағдарыстан кейiнгi әлем институтының директоры Екатерина Шипованың пiкiрiне сүйенсек, әлемдiк интеллектуалдық элита Қазақстанды болашақта аймақтық қаржы орталығы рөлiне таласа алатын ел ретiнде қарастырып отыр.
Екатерина Шипова: "Қазақстанның жаһандық дискуссиядағы жаңа мәртебесiн қамтамасыз ететiн факторлар арасында Президент Н.Назарбаевтың әлемдiк қаржыны реформалау жөнiндегi жаһандық бастамалары аталады. Бұл бастама Қытай, Ресей және Оңтүстiк Корея тарапынан қолдауға ие болып отыр. 2007-2009 жылдардағы антидағдарыстық саясаттың жемiсi болуы, халықаралық валюта қорының қаржылық көмегiне тәуелдi болмауы да елге деген сенiмдi күшейте түстi. Қазақстанның сыртқы саясатындағы әртараптығы да ХХI ғасырдың геосаяси доктринасына айналды. Қазақстан "Батыс - Мұсылман әлемi", "Ескi өнеркәсiптiк елдер - Дамушы әлем" арасындағы байланыстың ұйытқысы бола алады" деген пiкiрiн жеткiздi.
Сондай-ақ, дағдарыспен күресте Қазақстан ұтымды тәсiлдi пайдаланды деген пiкiрлер де айтылды. Ресей қор нарығын дамыту орталығының директоры Юрий Данилов: "Дағдарыспен күрестiң қазақстандық үлгiсi әсiресе ТМД елдерiнiң дәл сондай бағдарламаларының арасында ең тиiмдiсi. Өзгелермен салыстырғанда ол өзiнiң өмiршеңдiгiн байқатып отыр. Мәселен, Қазақстан қысылтаяң шақта Ресеймен салыстырғанда салықтық жеңiлдiктердi бiрiншi боп енгiзiп үлгердi. Бұл көп мысалдың бiрi ғана" дейдi.
Кешендi зерттемеде өз елiн дағдарыстан шығаруда аса зор еңбек сiңiрген тұлғалардың да аты аталып өттi. Бұл тiзiмнiң көш басында елiмiздiң президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер Кәрiм Мәсiмов тұр. Сонымен бiрге, Қазақстан өз үкiметi мен ұлттық банкiнiң жұмысын қысылтаяңда жұмылдыра бiлген мемлекет ретiнде өзгелерден оқ бойы озық тұрғаны бәрiмiздi қуантты. Сарапшылар Қазақстанды Кеңес елдерi арасында жалғыз өзi қаржылық орталыққа лайықты мемлекет деп бағалап отыр.

 

 

Гүлзина БЕКТАСОВА,

«Түркістан» газеті, 16.07.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347