Полковник: «Самат Әбіш «сақалдыларды» дайындады»
Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқара жүріп, радикалды исламшылдардың жауынгерлік бөлімшелерін дайындаған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің бұрынғы жоғары шенді офицері мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының экс-басшысы, полковник Мұхтар Қарабеков Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің қызметі туралы белгісіз мәліметтерді және оның радикалды исламшыларды дайындауы тураля жария етуге уәде берген.
«ҰҚК «сақалдыларды» дайындады, Самат Әбіш Тасмағамбетовке қарсы айғақтар талап етті, оны Дариға Назарбаева қолдады», – деді полковник Қарабеков.
ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, ол өзін Самат Әбіштің қылмыстық істі тоқтату үшін сол кезде Қорғаныс министрі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетовке қарсы қол қоюға қалай мәжбүрлегенін айтқан.
Полковниктің айтуынша, экс-Президенттің қызы, сол кездегі Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Самат Әбіш пен Кәрім Мәсімовті қолдаған. Жалған сөз айтудан бас тартқан Қарабеков ақыры бас бостандығынан айырылған.
Полковниктің айтуынша, осындай ұсыныс авиация генерал-майоры Асқар Бөлдешовке, полковник Роман Құрманбаевқа және генерал-майор Тимур Әбішевке де жасалған. Бұл ұсынысты Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов жеткізген.
Сонымен қатар, полковник ҰҚК қызметкерлерінің Қазақстан аумағында исламшыл содырларды қалай дайындағаны туралы айтып берді, сондай-ақ, қайғылы қаңтар оқиғасының мақсат-міндеттерін ашып көрсетті.
Ол әскерилер Қорғаныс министрлігіндегі сыбайлас жемқорлық, Қазақстанның ең танымал шенеуніктерінің басы-қасында жүргені және осының бәріне Дариға Назарбаеваның қатысы барын айтады.
Сондай-ақ, полковник Мұхтар Қарабеков Тасмағамбетовпен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі қызметін атқарған кезінде жақын болғанын мойындады. Полковниктің айтуынша, ол мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында жеткізушілерден ақша алып, Тасмағамбетовке әкеліп жатқанын мәлімдеу керек болған. Қарабеков Самат Әбіштің өзі қысым көрсеткенін айтты.
«Мен тергеушілермен тайсалмай сөйлесе бастағанымда, ол тұрып: «Сіз полковниксіз, өзіңізді тым тәккаппар ұстайсыз, не қолыңызды қойып, екі сағат ішінде бостандыққа шығыңыз, не түрмеге отырғызамыз», деді. Мен Тасмағамбетовпен байланысқа шығуға тырыстым, бірақ ол менімен байланысқа шықпады. Онымен байланысым жоқ», - деді Қарабеков.
Abai.kz