Жексенбі, 24 Қараша 2024
Айқай 1936 0 пікір 16 Наурыз, 2022 сағат 14:10

Енді Байден Ресейге саяхаттай алмайды...

Ресей билігі АҚШ пен Батысқа санкция салды. Оны батыстық тарап келеке етіп, күлкіге айналдыруда. Санкцияға іліккендердің арасында АҚШ басшысы Джо Байден де бар. 

15 наурызда Ресей салған санкцияға АҚШ-тың 13 шенеунігі ілінді. Оларға Ресейге кіруге тыйым салынып, Ресей аумағындағы есепшоттары бұғатталған-мыс. Дегенмен бірде бір шенеуніктің Ресейде есепшоты жоқ болып шықты. Ең қызығы Ресей билігі санкция салуда Байденге емес, Байденнің әкесіне санкция салған. Олар фамилияның жазылуында қателік жіберген. Бұл туралы Джен Псаки туит жазып, әзілдеді. АҚШ заңнамасында әкесі мен ұлының есімдері бірдей болуы мүмкін, тек «үлкен» және «кіші» деп атау жалғанады.

Желі қолданушылары мен әлемдік танымал тұлғалар болса Ресейдің санкциясын келеке етіп, «Байден енді Анапада демала алмайтын болды», «АҚШ басшысы Ресей банктеріндегі рублін шеше алмайтын болды» дегендей әзілдер жазуда.

Санкция Канада билігіне де салынды. Канада билігінде Джастин Трюдоға, СІМ Мелани Джолиге және қорғаныс министрі Анита Анандқа салынды. Енді олар да Ресейге сапарлап бара алмайды және Ресейде есепшот ашу мүмкіндігінен айырылды. Ресей Канаданың 300-ден астам азаматына да санкция салған.

АҚШ пен Батыс Ресейге қатысты санкцияны күшейтті. Оның ішінде жеке және компанияларға санкциялар қуатталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650