Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4561 4 пікір 16 Наурыз, 2022 сағат 13:26

Қайрат Боранбаев неге ұсталды?

Бұрынғы президенттің құдасы, елдегі ірі кәсіпкер Қайрат Боранбаевты Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстады.

Қайрат Боранбаевтың үстінен қандай іс қозғалғаны әлі белгісіз. Ресми органдар бұл туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

«Боранбаевты Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) қызметкерлері ұстады. Оның ісіне қатысты Алматы департаменті емес, Астанадағы Қаржы мониторингі агенттігінің бас кеңсесінің адамдары жұмыс істеп жатыр. Қазір Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын күндері Алматыда тергеу жұмыстары өткізіледі», – делінген хабарламада.

Боранбаев елдегі ең ірі байлардың бірі. Ол «Forbes Kazakhstan» рейтингінде 590 миллион доллар байлығымен 14-ші орында тұр.

Қайрат Боранбаев – «Қайрат» футбол клубының иесі, Қазақстан Республикасы паралимпиада комитетінің президенті, Ұлттық Олимпиадалық комитеттің (ҰОК) паралимпиадалық спортты дамыту жөніндегі вице-президенті, УЕФА адал ойын және әлеуметтік жауапкершілік комитетінің мүшесі.

Сонымен қатар ол «Fitnation» фитнес клубының, «Рахат Палас», «Comfort Hotel Astana» қонақ үйлерінің иесі, «Esentai Mall», «Esentai Tower» бизнес орталығын, «Алмалы» сауда орталығын, Латвиядағы «Jurmala Golf Club & Hotel» қонақүйін серіктесімен бөлісіп басқарады. «McDonalds» тамақтану орнының Қазақстандағы және Ресейдегі франчайзинг иесі.

Бұған дейін,  13 наурызда экс-президенттің інісі Қайрат Сатыбалды ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде. 15 наурызда оны екі айға қамауға алды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5647