Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
46 - сөз 4034 4 пікір 17 Наурыз, 2022 сағат 15:24

30 жыл әдемі сөздерге тойғанбыз...

Бізге дәл қазір әр адамның үйіндегі холодильнігінің толғаны маңызды еді. Бла бла бла. Қаңтар оқиғасына нақты кімдер кінәлі? Ешкімнің аты жөні айтылмады. Тұспалдап кез келген таксист айта алады. Доллар не болады? Осы бағаны жыл соңына дейін ұстап тұра алады ма? Ресейден келетін 60% шекерді өзіміз өндіре аламыз ба? Қымбатшылық болмайды ма? Доллардың қымбаттауымен қатар айлық, жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы көбейеді ма? Жалпы мен экономикалық реформалар күттім. Ассамблеядан мәжілістен 4 депутатын азайтып, сенатқа қосып дегендей нәрселері маған түкке қажет емес.

Облыстарды бөлсе Оңтүстікті де екіге бөле салу керек еді. Түркістан мен Жетісайдың арасы 500 км. 3 миллионнан астам халық тұрады. Сайлау партия дегендер жақсы. Сайлаудан дауыс ұрлағандар сотталады ма? Мажоритарлы сайлау да көк тиын болады егер дауыс ұрлануы тоқтамаса. Дауыс ұрлау тоқтаса бұрыңғы НұрОтан керекті дауысты жинай алады ма? Жалпы кедейшілікпен қалай күресеміз? Тұтынушылық табысты қалай арттырамыз? Көлік бағасын қалай түсіреміз? Сырттан келетін импортты қалай азайтамыз? Майнинг ашып алған шенеуіктерді қалай соттаймыз? 30 жыл әдемі сөздерге тойғанбыз ғой жалпы.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 620
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2630
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2437
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1512