Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
46 - сөз 3435 8 пікір 17 Наурыз, 2022 сағат 15:29

Ескі жүйе несімен мықты?

Ескі жүйе несімен мықты?

Ол жүйе:
Біріншіден, сыбайластық тамырымен мықты;
Екіншіден, қаржылай мықты;
Үшіншіден, коррупциялық тәжірибесімен мықты.
Төртіншіден, бюрократия әдісімен кез келген заңның "өңін айналдыра алуымен" мықты...
Сондықтан, "ескі жүйе" өкілдері Жаңа Қазақстан жобасын толықтай қолдай кетеді деп ойламаймын.
"Ескілер" шамасы келгенше Жаңа Қазақстандағы тамаша бастамалар іске аса бастағанда "Мұны қалайша сыбайластыққа, қалайша коррупцияға айналдыруға, немесе, қалайша осыдан ақша-атақ жасауға болады?" деген сұраққа жауап іздеумен болады... Соған іштей ұмтылып отырады...
...Олар бұрынғы Сәнді-Салтанатты өмірін тарс ұмытып, бір мезетте "мемлекетті және халықты ойлайтын" тұлғаларға айнала салмайды...
Оларда Жаңа Қазақстанға деген ішкі өкпе сақталады, тіптен, кек те бар болар...
Әрине, олар "заманына қарай" өмір сүрушілер болғандықтан, бұрынғыдай алақайлап бас салып коррупция астауына бас сұға салмайды....
Ақырын жүріп анық басуға көшеді....
Бірақ, бірақ.... олар ... Реті келсе қағып түсуге әрқашанда даяр тұрады....
Әрі, мүмкіндік сәл туа қалса - қағып түседі!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1505
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3278
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5755