Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2529 0 пікір 11 Қазан, 2012 сағат 08:03

Алмас Тұртаев, депутат. Жоқ мүшенің қайта өсіп шықпайтыны белгілі...

Парламенті Мәжілісінің  Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен өткен   жалпы отырыста  депутат Алмас Тұртаев  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады.

«Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің таратқан ақпарына сәйкес, 2011 жылы елімізде бірінші рет мүгедек болып 35,7 мың адам тіркелген, оның 19,4 пайызы мүгедек балалар.

Мүгедектік және еңбек қабылетінен айыру, жарамды-жарамсыздық дәрежесін анықтау  «Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi N 750 Қаулысына сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің аумақтық бөлiмшелерiне тиесілі.

Аталмыш ереженің 17 тармағында көрсетілгендей, мүгедектiк және кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айыру дәрежесi мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе қайта куәландыру мерзiмiнсіз белгіленеді. Ереже нормаларына сәйкес, мүгедектерде анатомиялық кемiстiктер (мысалы: аяқ-қолдың болмауы т.б.)   болған жағдайда мүгедектік дәреже мерзiмсіз тұрақты болады, яғни мәңгілік мүгедектік куәлігі беріледі. Заңнаманың осы тұсы көптеген жарымжан жандардың арасында түрлі көзқарас тудыруда. Себебі, басқа да дене мүшесінен айырылған, мысалы: қан айналымы ауруларынан кейінгі жүрек қалқаншаларын ауыстырып протездеу, Гастрэктомиядан (онкологиялық аурулардан) кейінгі асқазаны, бүйрегі, өкпесі жоқ т.б. мүшелерінен айырылып қалған азаматтарымызга мүгедектік дәрежені белгілі ғана мерзімге береміз. Оларды бірнеше жыл бойы 11 түрлі құжаттар жинатып, медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргізу комиссиясынан өтікізіп - мүгедек екендіктерін қайта дәлелдеуге мәжбүрлейміз! Жоқ мүшенің қайта өсіп шықпайтыны белгілі...

Сонымен қатар, Ереженің 13 тармағына сәйкес  медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргізу комиссиясы құрамы аумақтық бөлімше бастығы мен кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі. Алайда, аталмыш комиссия мүшелерінің пара алғандары жөніндегі Алматы облысы, Талғар қаласындағы орын алған дау, олардың жұмысындағы заңбұзушылықтар бойынша Партияға Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан келіп түскен шағымдар, комиссия мүшелерінің медициналық біліктілігінен гөрі, мейірімі жоғары болу қажеттілігін көрсетіп отыр. Қысқасы комиссия жұмысына қоғам тарапынан наразылық бар.

Жоғарыда көрсетілген келеңсіз әрекеттердің алдын-алу үшін «Ақ жол» партиясы «медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу» ережесiне өзгерістер енгізу қажет және комиссия құрамының жұмысы ашық, әділ болуы үшін  тиісті қоғамдық бірлестіктер мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінде енгізіп немесе басқа да нұсқаларды қарастыру қажет деп есептейді.

Осы мәселелерді ескере отырып, Сізден, құрметті Серік Нығметұлы, аталған жағдайды түзету бойынша Үкімет тарапынан қолданылатын шаралар жөнінде хабардар етуіңізді сұраймыз.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435