Жексенбі, 24 Қараша 2024
2208 0 пікір 24 Наурыз, 2022 сағат 15:58

Дәрі экспортына тыйым салынуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстаннан дәрілік заттарды экспорттауға уақытша тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 6 айға Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен компоненттерді әкетуге тыйым салу ұсынылады.

Тек мына жағдайларда рұқсат беріледі:

Қазақстаннан тыс жерге транзиттік жөнелтілім бойынша тасымалданатын жүктер;
тек жеке пайдалануға, жеке тапсырысқа арналған медициналық бұйымдар;
халықаралық гуманитарлық көмекке арналған тауарлар;
бөлшек сауда шеңберінде жеке тұтыну үшін әкелінетін және сатып алынған тауарлар;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде алынған дәрілік заттар;
сатуға құқығы жоқ көрмелерге арналған үлгілер;
зерттеулер мен сынақтарға арналған үлгілер;
пайдалану орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында өндірілген радиофармацевтикалық препараттар;
мемлекеттік тіркеу кезінде сараптамаға алынған үлгілер;
пациенттің немесе оның донорының аутологиялық биоматериалдарын пайдалана отырып, жеке қолдануға арналған кеңейтілген терапиялық дәрі-дәрмектер;
ЕАЭО кедендік аумағына келетін көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін емдеуге арналған дәрілік заттар;
халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушыларды және халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған дәрілік заттар;
Қазақстан өндірушілері шығарған, тыйым салынған "СТ-1" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар дәрілік заттар.
Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592