Жексенбі, 24 Қараша 2024
3010 17 пікір 24 Наурыз, 2022 сағат 16:10

«Назарбаевты өз айналасы сатып кетті»

«Ответь Бажкеновой» YouTube арнасына сұхбат берген депутат Айдос Сарым бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар оқиғасына қатысы жоқ екенін жеткізді.

«Экс-президент – Елбасының қаңтар оқиғасына еш қатысы жоқ шығар. Ол үшін бұл нағыз шок болды. Барлық туысқандары Дубайға қашып кеткенде, ол Алматыдан ұшып келді. Ол тіпті өзінің қауіпсіздік қызметіне де сенбеді, оны көмекшісі Абай Бисембаев өз чартерімен, өз жеке көлігімен Алматыдан алып кетті.

Сіз тіпті бұрынғы президенттің арнайы қызметтерге қатысты қандай дәрежеде сенімсіздік танытқанын елестете аласыз ба? Осы әуежайды экстремистер басып алмай тұрып, ол Астанаға ұшып үлгерді. Бір ғана факт, бірақ бұл нақты факт, экс-президент өзінің күзетіне де, Мемлекеттік күзет қызметіне де, комитетке де сенбеді.

Оны ҚР Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары Бисембаев құтқарып қалды. Ол өз көлігімен президентті алып кетті. Бұл – үлкен трагедия. Мен мұндайды өз басымнан өткізгім келмейді», – дейді А.Сарым.

Қаңтар оқиғалары кезінде әлеуметтік желілер мен басылымдар «элитааралық күрес, бұрынғы президент пен қазіргі президенттің арасында билікке талас жүріп жатуы мүмкін» деген болжамды ақпарат таратты.

Дегенмен, қаңтар оқиғалары кезінде ел көзінен жырақта болған экс-президент Назарбаев 18 қаңтар күнгі видеоүндеуінде бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

«Элита ішінде өзара талас-тартыс немесе шиеленіс деген жоқ. Осы сипаттағы қауесеттер мүлдем негізсіз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Депутат тұңғыш президент туралы заңның жаңа Конституция қарастырылған кезде өзгеретініне сенетінін айтты. Дегенмен саясаткерідің ойынша егер бұрынғы президенттің қандай да бір қылмысқа кінәсі тікелей дәлелденбесе, тиісудің қажеті жоқ екенін, себебі тарихи жетістіктері көп деп есептейтінін жеткізді.

Бұған дейін өз сұхбатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұрынғы президенттің 30 жылдық еңбегін жоққа шығармауға шақырған болатын.

«Тарихқа қиянат жасамау керек. Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекетіміздің іргесін қалаған, мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан тұлға. Оның қызметіне әділ баға беруге міндеттіміз. Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, одан жас басшылар сабақ алуы қажет», - деді Тоқаев Қазақстан арнасына берген сұхбатында.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592