Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 3281 16 пікір 25 Наурыз, 2022 сағат 14:15

Министр: АЭС салуға нақты бекіндік!

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанның атом электр станциясы салынатынына сенімді екенін айтады.

"АЭС салу –  бір-екі жылдың шаруасы емес. АЭС орналасатын аймақты, су жағдайын, адам ресурстарын, климатын, тектоникасын зерттеп, шешім қабылдауға кем дегенде бір жыл уақыт кетеді. Мұның бәрін технология мәселесімен қатар барлап-бақылауға уақыт керек. Қазір бұл тұрғыда сіздерге нақты ақпарат бере алмаймын. Бірақ біз АЭС салуға нақты бекіндік", - деді Ақшолақов ОКҚ брифингінде.

Бұған дейін Энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов «Қазақстан АЭС салу үшін ядролық технологиялар жеткізетін алты елдің қарастырылып жатқанын айтқан еді. Олар: америкалық, америка-жапондық, корей, қытай, орыс және француз технологиялары. Ол сондай-ақ қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергия блогының құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұратынын айтқан болатын.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588