Жексенбі, 24 Қараша 2024
2074 1 пікір 25 Наурыз, 2022 сағат 14:33

Мәсімовті қамау мерзімі ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі ұзартылды. Сондай-ақ Мәсімовтің ісі Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр.

«25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Кәрім Мәсімовке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 3 айға дейін ұзартты», – деп хабарлады ҰҚК.

Мәсімовты тергеу кезінде тәркіленген мүлкі мемлекеттің кірісіне берілетін болды.

ҰҚК жедел тергеу тобы Мәсімовті және басқа да тұлғаларды ҚР Қылмыстық кодексінің мынадай баптары бойынша тергеп жатқанын хабарлады:

– 366-баптың 4-бөлігі – «Пара алу»;

– 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы – «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану»;

– 175-баптың 1-бөлігі – «Мемлекетке опасыздық жасау»;

– 179-баптың 3-бөлігі – «Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер»;

– 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы – «Қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану».

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576