Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2728 2 пікір 26 Наурыз, 2022 сағат 13:45

Өзбекстанда азық-түлік қымбаттауда

Украинадағы соғыстың әсері Өзбекстанға да тиіп, елде азық-түлік қымбаттады.

Ташкент тұрғыны Абдураззак Садыков соңғы бір аптаның ішінде қалада қант 50 пайызға қымбаттағанын айтады.

"Кеше базарда қанттың бір келісі 15 мың сумнан сатылып жатқанын көрдім. Он күн бұрын 9 мың сум болып тұрған. Әдетте қант жазда тосап жасап кезде қымбаттап, кейін қайта арзандайтын. Бұдан бөлек өсімдік майы мен ұн да қымбаттап жатыр", - деді ол.

Сырдариялық кәсіпкер Ульмас Каххаровтың сөзінше, "ел арасында баға одан да қымбаттайды" деген сөздерден кейін халық жаппай азық-түлік сатып алып жатыр.

Ресей агрессиясына байланысты Украина бірқатар азық-түлік түрлерін экспорттауға шектеу қойып, бидай, жүгері, тауық еті, жұмыртқа және өсімдік майы экспортына тыйым салған.

14 наурызда Ресей үкіметі де ЕАЭО-ға мүше елдерге бірқатар азық-түлікті экспорттауға тыйым салды. Бұл шектеулер Өзбекстан экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Себебі Өзбекстан негізгі азық-түлікті Қазақстаннан сатып алады. Қазақстан ЕАЭО-ға мүше болғандықтан, Ресейде бұл өлкеге азық-түлік экспортталмай қалады.

Gazeta.uz сайтының мәліметінше, 2021 жылы Өзбекстан Қазақстаннан 643,3 миллион долларға дән азықтарын, 92,9 миллион долларға ұн импорттаған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 23 наурызда экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жиналыс өткізіп, министрлер кабинетіне ішкі базардағы бағаны тұрақтандыруды тапсырған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2400
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 635
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 613