Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 6185 38 пікір 28 Наурыз, 2022 сағат 13:27

Ресейліктер орысша сөйлегенге ұялатын болады...

Украина президенті соғыс басталғаннан бері Ресейлік журналистерге алғаш рет сұхбат берді. Бір жарым сағатқа созылған сұхбат барысында Зеленский өзекті сұрақтардың барлығына ашық жауап берді. Сұхбаттты Ресейде тыйым салынған сайт өкілдері алды. Олардың ішінде Тихон Дзядко, журналист Михаил Зыгарь, «Медузаның» бас редакторы Иван Колпаков пен «Коммерсанттың» тілшісі Владимир Соловьев бар.

Ал Ресей билігі аталмыш сұхбатты жарияламау керектігін ескертіп, тілшілер мен сайтқа арнайы ескерту жіберген. Ресейде ол үшін қылмыстық жаза да берілуі мүмкін. Ресейдің Бас прокуратурасы аталмыш сұхбатқа заң аясында баға беріп, тексеретінін айтты.

Война в Украине. Разведка: ВСУ бьют по значимым для российской армии объектам - RU.DELFI

Сонымен Зеленскийдің айтқан маңызды тезистеріне тоқтала кетсек. Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты былай дейді:

«Адам шығынын азайтып, соғыстың жылдам бітуін қамтамасыз етіп, Ресей әскерін бұрынғы орнына, яғни 24 ақпанға дейінгі кезеңге шығаруды қамтамасыз ету керек. Келген жеріне кетсін. Мен территориямызды дәп қазір толық азат ету мүмкін еместігін түсініп отырмын, Ресейді оған көндіру мүмкін емес, ол үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы керек еді. Мен барлығын да жақсы түсініп отырмын, мен өзіме есеп беретін адаммын. Сондықтан да мен компромисс жасауды ұсынып келемін. Шығыңдар, сосын барып Донбасс мәселесін талқылайтын боламыз. Донбасс өте ауыр мәселе ғой».

Осы арқылы Зеленский Ресей әскерін өз аумағынан шығарып, Луганск және Донецк мәселесін келіссөз арқылы шешуді құп көретінін түсіндірді. Соғыс басталғалы бері Украинаның экономикалық шығыны ондаған миллиард долларды құрады. Ал босып кеткен халық 4 млнға жуықтаса, қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 2 мыңға жақын. Бұл ресми мәліметтер, ал бейресми тіпті көп болуы мүмкін.

Пять лет войны за две минуты. ТСН.uа соединил в одно видео все карты боевых действий на Донбассе — tsn.ua

Зеленский Ресейдің Украина Донбассқа шабуыл жасамақ болды деген өтірігіне де жауап берді.

«Әрине, ешқандай да шабуыл жасау жоспары болған жоқ. Мен талай мәрте территориямызды күшпен қайтармайтынымызды айтқан едім. Мен сендермен келіскім келеді. Мен түрлі жолын іздедім, Ресей басып кіргенше сан түрлі жолын қарастырдым. Маған сенсеңіздер болады», - деді.

Ал Ресей соғыс бастар алдында «Киев Донбассқа шабуыл жасайды» деп жалған ақпаратты барлық арналардан таратқан еді.

Во что превратилась армия Украины и чего ожидать от неё на войне: Обзоры: Наука и технологии — Ferra.ru

Украина басшысының сөзінше Ресей үлкен қателік жіберді. Кремль стратегиялық қателік жасады. Ол туралы былай дейді Зеленский:

«Мен Ресей басшылығына қандай мәлімет берілгенін, қалай есеп жасағанын білмедім. Менің ойымшы Ресейліктерді біз мына жақта қуана қарсы аламыз, қолымызда бір құшақ гүл, езуімізде күлкі болады деп есеп берсе керек. Президентті ешкім қолдамайды, басып кірсек болады деп баяндаса керек. Мен тура солай айтқанына 99,9% сенімдімін».

Зеленскийдің бұл сөзін батыс сарапшылары да құптап отыр. Себебі Кремль 48 сағаттың ішінде Киевті алатынын бейресми мәлімдеген болатын, алайда соғыс басталғалы бір айдан асты, ал Мәскеудің жоспары жүзеге аспады. Осының өзі Мәскеуге берілген ақпараттың қате екенін көрсетеді.

В Украине передумали хранить трупы россиян в вагонах-рефрижираторах - Korrespondent.net

Зеленский Ресей соғысқа балаларды жіберіп жатқанын да айтты.

«Біз мүрделерді сақтап отырғымыз келмейді, біз оны қарсылас тарапқа беруді қалаймыз. Ал ресейлік тарап болса оны алудан бас тартты, кейін бір қап бере салды. Біздің барлығымыздың жақындарымыз өмірден өтетін сәт болған шығар, тіпті ит пен мысық өлсе де бұлай істемейді ғой. Ал олар болса қоқыс салатын қаптарды берді. Мен адамдар не ойлап отырғанын, әсіресе қаза тапқан сарбаздардың ата анасы не ойлайтынын еш түсіне алар емеспін. Бұл өте сұмдық деп ойлаймын. Олар өздеріне осындай көзқараспен қараса, өзгеге қандай көзқараспен қарайды? Біз Ресей үшін жат, өзгеміз», - дейді Зеленский.

Ресми дерек бойынша Ресей 1351 сарбазынан айырылған, ал бейресми дерек 16000 дейді.

Вице-премьер Польши Качиньский предложил ввести санкции лично против Путина

Ресейдің Украинаға соғыс ашуының тағы бір себебі «орыс тілі мен орыс әлеміне деген қысымның артуы» деген жалған ақпаратты таратуы арқылы іске асты.

«Орыс тіліне ең үлкен зиянды Владимир Владимирович Путин жасады. Мен ол орны толмас қателік жіберді деп санаймын. Адамдар Ресейден тыс жерде орыс тілінде сөйлеуге ұялатын болады. Дәл солай болады. Әлемде агрессор деп танылған басқыншының соғысынан кейін ондай жағдайлар көп болған. Ұзақ жылдар бойы солай болады», - дейді ол.

Ресей Украинада ең орыстілді қалалар саналатын Харьков пен Мариупольді тас-талқан етуде.

Зеленский Ресей қойып отырған денацификация талабына көнбейтінін, Қырымды соғыспен қайтармайтынын да айтты. 

Асхат Қасенғали

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051