Жексенбі, 24 Қараша 2024
2388 8 пікір 28 Наурыз, 2022 сағат 14:46

Әкежан Қажыгелдин 70 жасқа толды

1952 жылы, 27-наурыз Қазақстанның экс-премьер-министрі, оппозиционер, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты Әкежан Қажыгелдиннің дүние есігін ашқан күні.

Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. Екі жыл Кеңес Армиясында, Семей облысы бойынша МҚК басқармасында қызмет етті (1974-1978). 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ф. Е. Дзержинский атындағы Жоғары мектебінің басшылық құрамын дайындау курстарының тыңдаушысы болды. Еңбек жолын бетоншы қызметінен бастаған. Орта мектептің мұғалімі және меңгерушісі болды.

1979-1984 — Семей қаласының Калинин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;
1985-1987 — Семей қаласының Киров аудандық атқару комитетінің төрағасы.
1987-1989 — Мәскеу қаласындағы «Созидатель» кооперативінің өкілі.
1989-1992 — құрылыс-декоративтік қаптау тасын өнеркәсіптік өңдеу жөніндегі Семей комбинатының директоры.
1990 — «Томан» АҚ Бас директоры.
1990-1992 — «Семей» ҚӨТ бас директоры.
1991-1993 — Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілік басшысы.
1993 желтоқсаннан 1994 қазанға дейін — ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары.
1994 қазанынан 1997 қазанына дейін — ҚР премьер-министрі
1998 наурыз-қазан аралығында — ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
Сондай-ақ, ҚР президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы және Қазақстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті лауазымдарын атқарған.

1998 жылы ҚР президенттігіне кандидат болды. Қазақстанның Республикалық Халық партиясының төрағасы, кейін Біріккен демократиялық партияның саяси кеңесінің мүшесі болды.

1999 жылы Қазақстаннан көшіп кетті.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555