Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 2543 1 пікір 28 Наурыз, 2022 сағат 15:12

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

"Орал" халықаралық әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді.

"Орал" халықаралық әуежайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестікке Мәншүк Мәметованың есімі берілсін", - делінген қаулыда. Құжатқа үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүреді. 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші соғыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560