Сәрсенбі, 9 Сәуір 2025
2778 9 пікір 28 Наурыз, 2022 сағат 15:31

Ұстауға, қамауға алуға тыйым салынған: Олар кімдер?

Әділет министрі Қанат Мусин «Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның қызы Дариға Назарбаеваға қатысты тергеу органдарында сұрақтар туындаса да оларды ұстап, қамауға болмайтын» айтады.

«Бұл адамдарды ұстауға және қамауға алуға заңда тыйым салынған, бірақ оларға сұрақ қойып, жауап алуға болады», - дейді министр.

Бірақ таяуда қамауға алынған экс президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыға бұл заңның күші жүрмейді екен.

«Біріншіден, заң отбасы мүшелерін айқындайды. Немере туыстары кірмейді. Екіншіден, қателеспесем, Тұңғыш президент туралы заңда президентті (тұңғыш), онымен бірге тұратын отбасы мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтындығы айтылған. Яғни, айып тағуға болмайды. Ал айып тағу үшін тергеуге тыйым жоқ», - дейді Қанат Мусин.

Қайрат Сатыбалды 13 наурыз күні лауазымын асыра пайдаланды және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын ірі көлемде ұрлады деген күдікпен қамауға алынған болатын. 15 наурызда ол сот санкциясымен 2 айға қамалды.  Қазір Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексеріліп жатыр.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1686
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4442
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3432