Жексенбі, 24 Қараша 2024
2247 1 пікір 29 Наурыз, 2022 сағат 14:01

Ресейде соңғы тәуелсіз БАҚ жабылды

Ресейде соңғы тәуелсіз БАҚ «Новая газета» жабылды. Бұл туралы редакция телеграм арнасында жазды.

«Роскомнадзордан (Бақылаушы органнан) тағы бір ескерту алдық. Сондықтан «Новая газета» басылымының газет нұсқасы мен сайтын жабуға туралы келеді. Украина аумағындағы «арнайы операция» аяқталғаннан кейін ашылуымыз мүмкін. Құрметпен «Новая газета» ұжымы», - деді редакция.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей БАҚ туралы заңға өзгеріс енгізді. Заңға сәйкес, журналистер "арнайы операция" туралы жалған ақпарат таратса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Яғни, Ресей билігінің ресми мәлімдемелеріне қайшы келетін кез-келген ақпарат жалған болып саналуы мүмкін. Соғыс басталғалы Ресей пропогандасына қосылмайтын тәуелсіз басылымдар «Дождь» телеарнасы, Медиазона, Эхо Москвы, Открытая медиа, Медуза бірінен соң бірі жабылды. Азаттық радиосы, ВВС, Deutche Welle интернет басылымдары Ресей аумағында жұмыс істемей қалды. Жабыларға дейін «Новая газета» басылымның бас редакторы әрі Нобель сыйлығының иегері Дмитрий Мурадов «журналистердің тағдырын қатерге тіккім келмейді, Кремльдің саясатын дұрыс түсіндірмегені үшін аяқ астынан 15 жылға сотталып кетуі мүмкін, мен осыдан қорқамын» деген болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562