Жексенбі, 24 Қараша 2024
3273 2 пікір 29 Наурыз, 2022 сағат 15:51

ҚР СІМ: Ресей үшін оқшауда қалмақ емеспіз...

ҚР сыртқы істер министрлігі шетелдік инвесторларды «темір шымылдықты» ысырып тастап, елімізде кәсіптерін жүргізуге шақырды.

Die Welt басылымына берген сұхбатында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан тек Ресейге қарап отыра алмайтынын айтады.

«Егер тағы бір «темір шымылдық» пайда болса, біз шымылдық артында қалғымыз келмейді»,- деді ол.

Темір шымылдық ұғымы – қырғи-қабақ соғыс кезінде коммунистік Шығыс пен демократиялық Батыс Еуропанының саяси бөлінісін білдіретін термин ретінде қолданылды.

Василенко батыс инвесторларын Қазақстанда кәсіп жүргізуге шақырды. Ол: «Компаниялар «Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін ғана» Қазақстанға инвестиция құймау керек. Елімізге өндірісін әкелгісі келетін барлық беделді компанияларға есігіміз ашық», - деді ол ресейлік нарықтан кеткен компанияларды меңзеп.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554