Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2556 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 09:24

Астана төрінде дәстүрлі әннің мәртебесі көтерілді

Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залында «Қазағымның ән-жыры, көңілімнің жан нұры» атты дәстүрлі ән концерті болып өтті.

Айта кету керек, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, белгілі әнші Қапаш Құлыш Астана қаласына қоныс аударып, екі жылдан бері Қазақ ұлттық өнер университетінде шәкірттер тәрбиелеп келеді. Өнер кешін ашқан ол жиналған көрермендерге ризашылығын білдірді. «Елордаға келген соң, шіркін-ай, батыс өңірінің майталман әншілерін жинап, соның ішінде Ғарекеңнен (Ғарифолла Құрманғалиев) дәріс алған өнер жұлдыздарының қатысуымен бір концерт қойсам деп армандап едім. Бүгін соның сәті түсті»,- деді.

Осы өнер кешіне Түркістаннан Ғарекеңнің алғашқы шәкірттерінің бірі ҚР Халық әртісі Қажыбек Бекбосынов келіп, бірнеше ән шырқап, көрермендердің ықыласына бөленді. Сондай-ақ Орал қаласынан еліміздің еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева, Ақтөбеден еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Светлана Мырзабаева келді. Осы танымал әншілер Мұхиттың әндерін шырқады.

Концертке «Қоңыр» тобы қатысып, Мұхит Мерәліұлының «Көк айдай» әнінен бастап бірнеше әндерді шырқап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Бұл концертке Қапаш Құлыштан дәріс алып жүрген Қазақ ұлттық өнер университетінің ән бөлімінің студенттері де қатысып, ән шырқап, бірнеше күй тартты.

Кеш соңында Қапаш Құлыш: «Дәстүрлі өнерді заңдастырған екі өнер иесі бар. Оның бірі Ғарифолла Құрманғалиев болса, екіншісі халқымыздың дәстүрлі ән мектебінің көрнекті өкілі Жүсіпбек Елебеков. Солар салып кеткен даңғыл жолды Қазақ ұлттық өнер университеті жалғастырады деп ойлаймын. Біздің дәстүрлі өнеріміз тек қана Қазақстанда емес, халықаралық деңгейге көтерілсе екен. Оған өнеріміз лайықты. Тәрбиелеп жатқан жастарымыз қазақтың атын, үкілеген домбырасын, қобыздың керемет үнін бүкіл дүние жүзіне танытып жүр ғой. Әлі де шығар биігіміз алда»,- деп сөзін қорытындылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407