Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3059 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 09:28

Пекин мен Токио бір аралды бөлісе алмай отыр

Жапония мен Қытай арасындағы «жер дауы» әлі басылар емес. Енді Қытай оны Шығыс-Қытай теңізінде орналасқан «даулы» аралдың акваториясына әскери кемелер мен авиация жіберу арқылы шешуге бел буып отыр

Қытай мұндай қадамға жапондықтардың жеке кәсіпкерден екі елді тартысқа салған аралды сатып алу әрекетінен кейін барып отыр. Бір қызығы, ұрысқа себеп болған аралды қытайлар өз тілінде Дяоюйтай деп атаса, жапондықтар Сенкаку дейтін көрінеді.

Токиодағы ВВС тілшісі айтып өткендей, 11 қытай кемесінің Жапонияның бақылауындағы аралдың акваториясына басып кіруі екіталай.

Соған қарамастан, екі тарап та айтқандарынан қайтайын деп тұрған жоқ. Және ұзаққа созылып бара жатқан осынау «жер дауына» қытайлықтар тұңғыш рет әскери күшті араластырғалы отыр.

Дереккөз: baq.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 488
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1799
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 458
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 431