Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3075 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 09:32

Асыл тастан тұратын ғаламшар табылды

Франциялық-амери­калық зерттеушілер тобы Шаян шоқжұлдызы­нан ерекше ғаламшарды анықтады. Жер шарынан 40 жарық жылы қашықтықтағы аспан денесі алмас тастардан тұрады.

Жаңа ғаламшарға 55 Cancri e деген атау берілген. Йель универ­ситетінің зерттеушісі Никка Мадхусудханның ай­туынша, бұл ғаламшар Жер шарынан өзінің химиялық құрылымымен ерекшеленеді. Оның беті гра­фиттен және алмастан тұрады. 55 Cancri e-дің радиу­сы біздің ғалам­шар­дікінен екі есе үлкен, ал оның массасы Жерден сегіз есе артық. Температурасы Фа­рен­гейт өлшемі бойынша 3900 градусты құрайды. Француз ғалымдары соңғы жылдары табылған аспан денелерінің құрылымына қарап, ғарыш кеңістігіндегі ғаламшарлардың үштен бірінің алмастан тұруы мүмкін деп топшылайды.

Дереккөз: Алаш Айнасы

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 488
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1799
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 458
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 431