Жексенбі, 4 Мамыр 2025
3096 1 пікір 5 Сәуір, 2022 сағат 13:50

Қазақстан ішімдік ішуден алдыңғы қатарда

Алкогольді тұтыну бойынша Қазақстан әлемде 10-шы орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында өткен есеп беру барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

«ДДСҰ зерттеуіне сәйкес, 15 жастан асқан адамдар арасында алкогольді тұтыну деңгейі ерлер үшін жылына 25 литр, әйелдер үшін - 9 литр. Мысалы, жол-көлік оқиғалары, түрлі төбелес, жарақаттар, зорлық-зомбылық, улану, суға кету және т.б. көбіне алкогольді ішімдіктерді пайдаланудың кесірінен орын алады», - деді министр.

Сондай-ақ министр еліміздегі темекі өнімдерін тұтыну деңгейіне тоқталды.

«Қазақстан Республикасының ересек тұрғындары арасында темекі шегу, ДДҰ зерттеуі бойынша 15 жастан асқан адамдар арасында 21,5% құрайды, ал ерлер арасында 38% астам, әйелдерде — 6,4%. Темекі шегуді бастаудың орташа жасы 17-ден 18 жасқа дейін», - деді басқарма басшысы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1120
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1268
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1245