Еуроодақ Ресейге салатын бесінші санкция пакетін талқылап жатыр
«Еуроодақтың Ресейге салатын санкциясының жаңа пакеті энергетика, сауда, көлік салаларын қамтиды, сондай-ақ жекелеген адамдарға санкция салынады»,- деді Еурокомиссия төрағасының атқарушы орынбасары Валдис Домбровскис.
Санкция пакеті төмендегідей:
- көмір импортына тыйым салу. Еуропалық комиссияның есептеуі бойынша бұдан Ресейге жылына 4 миллиард еуро шығын келеді.
- Ресейден цемент, теңіз өнімдері, спирттік ішімдіктер сияқты басқа да тауарларды импорттауға тыйым салу. Ресей 5,5 миллиард еуродан айырылады.
- машиналар мен көлік жабдықтары мен жартылай өткізгіштердің экспортына тыйым салу. Ресей 10 млрд еуродан қағылады.
- Еуроодақтағы мемлекеттік сатып алуларға ресейлік компанияларды қатыстырмау. Сондай-ақ Ресей мемлекеттік органдарының кез келген қаржылық қолдауына санкция салынды.
- Ресейдің «төрт басты банкіне», соның ішінде ВТБ-мен операцияларға толық тыйым салу.
- ресейліктермен кемелермен қоса Беларусь кемелеріне де еуропалық порттарға кіруге тыйым салу ұсынылды.
- Еуропадағы Ресей және Беларусь көлік компанияларының жұмысына тыйым салу.
Abai.kz