Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3496 0 пікір 22 Қазан, 2012 сағат 07:49

Бейсен Ахметұлы. Қытай экономикасы ең қатерлі кезеңге тап болды ма?

Алып держава Қытай елінің әлемді дүрілдетіп тұрған тірлігі тағы бір басқышқа өтетін түрі бар. Қытайдың мерзімді басылымдары алда, қарашаның 18-не жоспарланған Бүкіл Қытайлық Халық Құрылтайы туралы үгіт-насихат жұмыстарын қауырт жүргізіп жатыр.  Айтылмыш құрылтайда Ху Жинтау (Орысшасы - Ху Цинтау) төраға орнын Шын Жинпиң (Шын Цинпинь) мырзаға бермекші. 4-5 жылдан бері дайындап келе жатқан мұрагері ары қарай Экономикалық қайта құрылымдауды бастайды деген дақпырт шыққалы да 2 жылға айналды. Біз де өз әлімізше Қытай экономикасындағы шындықтар мен шылықтарға талқы жасауды жөн көрдік.

Лаң Шианпиң: «Қытай экономикасы ең қатерлі кезеңге тап болды»

(Лаң Шианпиң(郎咸平): АҚШ Wharton Business School-нің докторы, қазір Гаңкоң(Hongkong) қытай тілі университетінің  профессоры)

Күллі әлем экономикасын  жыландай арбап жұтып, айдаһарға айналған алып қытай енді шаршай бастағандай.  Әлде жан-жақтан құйылған ақшаға қағанағы қарық, сағанағы сарық боп тояттай қалды ма!? Әлде бір алпауыт алаяқтардың қақпанына түсіп қалды ма?  Әйтеуір бір тықыр таянғаны белгілі.  Бұл туралы олар өздері дабыл қағып отыр.

Алып держава Қытай елінің әлемді дүрілдетіп тұрған тірлігі тағы бір басқышқа өтетін түрі бар. Қытайдың мерзімді басылымдары алда, қарашаның 18-не жоспарланған Бүкіл Қытайлық Халық Құрылтайы туралы үгіт-насихат жұмыстарын қауырт жүргізіп жатыр.  Айтылмыш құрылтайда Ху Жинтау (Орысшасы - Ху Цинтау) төраға орнын Шын Жинпиң (Шын Цинпинь) мырзаға бермекші. 4-5 жылдан бері дайындап келе жатқан мұрагері ары қарай Экономикалық қайта құрылымдауды бастайды деген дақпырт шыққалы да 2 жылға айналды. Біз де өз әлімізше Қытай экономикасындағы шындықтар мен шылықтарға талқы жасауды жөн көрдік.

Лаң Шианпиң: «Қытай экономикасы ең қатерлі кезеңге тап болды»

(Лаң Шианпиң(郎咸平): АҚШ Wharton Business School-нің докторы, қазір Гаңкоң(Hongkong) қытай тілі университетінің  профессоры)

Күллі әлем экономикасын  жыландай арбап жұтып, айдаһарға айналған алып қытай енді шаршай бастағандай.  Әлде жан-жақтан құйылған ақшаға қағанағы қарық, сағанағы сарық боп тояттай қалды ма!? Әлде бір алпауыт алаяқтардың қақпанына түсіп қалды ма?  Әйтеуір бір тықыр таянғаны белгілі.  Бұл туралы олар өздері дабыл қағып отыр.

Экономикалық даму тұрақты болуы екіталай, тұрақты болуы үшін экономикалық саясат жиі өзгеріп тұру керек. Себебі, сұраныс пен ұсыныс тіпті, саяси жағдайдың жиі өзгеруі экономикаға әсер ететіні белгілі.  Қытай елі де дәл осындай кезеңге тап болуда.  Соңғы 10 жылдағы қытай экономикасының қарыштап дамуы әлемді таңдантты әрі  шошытты. Енді міне, бірден шайқала бастады.

Тағы бір себеп ретінде алпауыт АҚШ доллары мен Қытай юаны арасындағы тәуелділік пен саяси күндестіктің кімнің пайдасына шешілетінін қарауға болады.

Тоқыраудың ең басты бейнесі ретінде алдымен азық-түлік бағасының өсуін және Қытай юанының құнсыздану процесінде тұрғанын айтуға болады.

Біріншіден, жалпы экономикалық саланы дамытуға жаңа талпыныс болмады. Көне сүрдек қиындыққа тіреді. Экономиканың үдеу қарқынының баяулауы ең төменгі айлық жалақы өлшемінің өсу көрсеткішін көтеруге мүмкіндік бермеуде. Атап айтқанда, Қытайдың 16 провинциясында  бұл көрсеткіш 17 %-дан аспады. Бұл өткен жылғы 22 %-дан төмендегенін көрсетеді.

Екіншіден, үкімет шетелден инвестиция тартуда тығырыққа тірелді  және көптеген ірі, орта-шағын компанияларды  мемлекет өз күшімен сүйемелдеп отыр. Әсіресе, сыртқы сауда мөлшері айтарлықтай тоқырады, бұны Европа елдерінің экономикалық дағдарысымен және Евразиялық одақтың импортты айтарлықтай шектеуімен де түсіндіруге болады.

Үшіншіден, Қытай ақшасы құнсыздана бастады. Бұл бір жағынан халықтың қаржы саласына әсер етті. Халық ақшаны жылжымайтын мүлікке салайын десе, үй бағасы аспандай бастады, енді бір жағынан жеңілдетілген несие саясатын пайдаланған ірі үй-құрылыс компаниялары тұрғын үйді көптеп салуда, бұл ертеңгі үй бағасының тұрақты бола алмайтындығын көрсетіп отыр.

Төртіншіден, үкімет ірі, орта және шағын кәсіпкерлікке берген төмен өсімді қаржылардың қайтарымы болмай отыр. Себебі, менеджмент әлсіз, тек үкіметтің сүйемелі керек. Сонымен ішкі қаныққан базарды кеңейту мен экономикаға серпіліс беретін жаңа базар ашу мәселесі қатар келіп отыр.

Бесіншіден, массасы анағұрлым көп халық нақты ақшаны қаржылық айналымға салудан қорқып бірден аманат қоюға өте бастады, бұның себебі мына 3 жақтан көрінеді: алдымен, үй бағасы тұрақсыз;  екіншіден, депозит базары тұрақсыз, өсуінен өшуі көп боп тұр; үшіншіден, құнды заттарға салуға халық тартынады, олай болатыны шын-жалғанын парықтай алмайтын халық алданып қалудан қорқады.

Қытайдағы монополия мен жемқорлық  немесе «Шаңқұй» туралы

Қытай үкіметі жемқорлықты құртудың қиындығын сезіне бастады, мұндағы себептің ең үлкені жоғары шенділердің мүддесінен қалыптасқан монополия болып отыр. Мұндай монополиялар тіптен ашыққа шығып, жұмыс түзілістерін барған сайын кеңейтуде. Жуырда осындай бір үлкен қаржылық монополияның жиналысына барып қайтқан қандасымыз Әділ (толық атын айтуды жөн көрмедік) былай деп сыр бөлісті: «2012 жылдың жазында Қытайдағы достарымның шақыруымен Үрімжі қаласында өткен «Шаңқұй» деп аталған жиналыста болдым. Жиналысқа Шинжиаң провинциясының бұрынғы партия төрағасы Уаң Лычуан жолдастың жерлестерінен, яғни, Шан доң провинциясының адамдарынан құралған мафиясының жоғары шенді өкілдері келді. Тіпті бүкіл Шинжиаңдағы ең ірі компаниялар мен қаржылық құрылымдар сол кісінің иелігінде екенін көріп таң қалдым. Ол ғана ма десем, Шинжиаңдағы үкіметтік орындардағы экономика басқару мен қаржы бөлуге қатысты орындағы шенділер негізінен Уаң мырзаның адамдары болып шықты. Олардың шығарған «Шаңқұй» деп аталатын кітапшасында да біршама шенділердің суреті беріліп, таныстырылыпты» - деп аяқтады сөзін. Қытай мұнай компаниясында істейтін, атын айтпауды жөн көрген қытай азаматы да мұны жоққа шығармады. Олардың айтуынша,  Шинжиаңды ашса алқанында, жұмса жұдырығында ұстаған Уаң мырза Үрімжідегі «5 шілде» оқиғасынан кейін лауазымы өсіп орталыққа барды, ал артында қалған командасы мен компаниялары баяғыша шалқып тұр.

Міне, бұдан монополия мен жемқорлықтың Қытайдың да іргесін қаза бастағанын көруге болады.

 

АҚШ Доллары мен Қытай юанының текетіресі

Осыдан екі жыл бұрын еліміздің ақпарат құралдары Қытай юаны «халықаралық ортақ ақшаға» айналуы мүмкін деп дабыл қаққаны және қатарынан 3-4 жылдан бері Қазақстан Орталық Банкі Қытай Юанын ең сенімді, тұрақты ақша деп тапқаны белгілі.  Тіпті Қытайлықтар «Қытайлар заманы туды» деп лепіріп төбелері жер тірегендей шалықтағандары бар еді. Асқанға - тосқан. Оның үстіне бұрыннан қалыптасып орныққан АҚШ доллары жылы орнын қайдан босатсын. Экономиканың не екенін емеуірінмен түсінетін еврейлердің қақпаны ақыры Қытайға да құрылған сыңайлы. Қазір Қытай сайт парақтары «Қытай Экономикасының  қатерге тап келгенін» жарыса жазып, шығар жол іздеп әлек болуда. Ал Қытай халқы алдағы болатын 18-кезекті  Бүкілқытайлық Халық  Құрылтайының шешімін тағатсыздана күтіп жатыр.

Себебі, қытайлар Қытайдың бір мезеттік экономикалық дамуына масаттанып кетті. Тіпті, қытай юанын  халықараландырамыз деп  шетел асырып та үлгірді де, бір бөлік қытай юанның иелік құқығын қолдан шығарып алған еді.  Осылайша масондардың қақпанын басты.  Ол кезде Қытайлар құнсызданған ақшаның орнын ақша басып шығарумен толықтағаны тағы бар. Бұл деген сөз қытай ақшасының  мүмкіндігін күшпен арттыру мақсатында істелгендіктен, нақты экономикалық түзіліс пен құн заңына сай келмей қалды да, қытай юанының АҚШ долларына тәуелдігін жандандырды.

Қытайлардың тағы бір ұтылуы -  шетелге қарата еркін сауда саясатын қолдану барысында орын алды. Инвестор шетел азаматтарына қарата жеңілдікпен берілген көп ақша (шетелге қаржы қосу мақсатында) мен инвесторларды тарту мақсатындағы экономикалық жеңілдіктер себебінен, көп қаржы шетелдіктердің пайдасына өтіп кетті, яғни, шетел қаржысын қызықтыру мақсатында қытай ақшасының шетел ақшасына бағамы шетел ақшасына құн жаратып беру керек болды. Бұл Қытай ақшасына тұрақсыздық әкелді. Сонымен шетелдегі қытай ақшасының базар бағасына сай құнын тұрақты сақтап қалу үшін шетелде қытай ақшасының құнын төмендетіп ұстаса, ал ел ішінде соның есебінен ақша құны шамадан тыс жоғарлатылды немесе ақшаны көп мөлшерде басып таратты. Суша құйылған  шетел қаржысы үшін құнсыздану шамасын толықтырып тұрудың қиындығы ел ішіндегі ақша құнының басына салмақ болып түсті. Осылайша қолдан жасалған құн ұзақ шыдас бере алмауда!

Ендеше, неге бұндай қарама-қарсы қайшылық  туындады және қара халыққа қандай келеңсіздіктер тудырды?  Бұл туралы  қытайдағы «Күлтегін порталында» «халық ақшасы қайда апарады?» деген атпен мақала жазған қандасымыз Акудің сараптамасына қарап көрейік:

Аку: «Үкімет халық ақшасын шамадан тыс көбейтіп басып таратып (таратылған ақшада жасырынған баж үлесі болады - ауд.), халықтың байлығын сүліктей сорды. Шындығында, халық ақшасының шынайы сатып алу қуаты төтенше әлсіз. Егер Қытай үкіметі шетел қаржысына үстеме пайдалық құнды күшіне қалдыратын болса, қытай ақшасы көзді ашып-жұмғанша күрт құлдырайтын болады. Ендеше, осығұрлы көп басылып таратылған ақшаны үкімет қалай сіңіріп кете алады деп ойлайсыз? Үкімет бұл орасан зор ақшаны ел іші базарында үй-құрылыс арқылы халық мойнына аударып кетіп жатыр. Қытайда халық ақшасы тек ақша ғана емес,байлықты қайталай үлеске салатын құрал болып табылады. Халық ақшасын жоғары межелеу қоғамдық байлықты тез арада қаржы саласының санаулы ғана иеленушілеріне табыстап берді. Жағдай аса ауыр, халық ақшасының қалпысыз бағалануы Қытайда қысқа уақыт ішінде шіріген байларды тудырды, әрі талан-таражға түскен қалың жарлы-жақпайларды да жарыққа шығарды» - дейді.

Тағы бір дерек,  жуықта АҚШ Wharton Business Schoo докторы, қазір Ганконг қытай тілі университетінің  профессоры болып жұмыс істейтін Лаң Шианпиң мырзаның «Қытай экономикасы ең қатарлі кезеңге тап болды» деген кітабы шығып, ел ішінде үлкен дүмпу тудырды.   2012 жылы мамырда Қытай Шығыс баспасында басылған бұл кітапта жоғарыдағы мәселелер кеңінен талқыланып, пікірталас тудырды. Тіпті кейбір азаматтар елге төнген апат болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Себебі: «Қытайда көптеген шетел компаниялары жұмыс істейді, ал оларда жұмыс жасайтын қытайлардың жұмыс уақыты ұзақ, жалақысы мардымсыз. Бұл қытайлардың шетел инвесторларына құлдануын келтіріп отыр» - деп айқайлаушылар да көбейіп отыр. Ал үкіметтің бұл туралы әуені әлі белгісіз, оны тек алда  18-кезекті Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Құрылтайынан кейін білетін боламыз.

«Abai.kz»

Пайдаланған материалдар:

1.     http://baike.baidu.com/view/8532188.htm

2.     http://www.kultegin.com/forum.php?mod=viewthread&tid=31631

3.     书名中国经济到了最危险的边缘. 作者:郎咸平. ISBN9787506044653.出版社:东方出版社. 2012年4月(осы кітаптан үзінділер)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5380