Дүйсенбі, 20 Қазан 2025
4807 6 пікір 7 Сәуір, 2022 сағат 14:58

Нұрәлі Әлиевтің компаниясы тексеріліп жатыр

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиевтің компаниясында тексеріс жүріп жатыр. Мемлекетке келтірген шығыны болса, өтемақы төлейді.

Бұл туралы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.

«Нұрәли Әлиевтің "Транстелеком" АҚ-сы қазір Каспий теңізінің асты арқылы талшықты оптикалық желі тартумен айналысады. Бірақ Әзірбайжан елімен келісімге келе алмай жұмысты уақытылы бітіре алмаған.Сондықтан комиссия мүшелері бұл маңызды шаруаны Әлиевтің компаниясына сеніп тапсырмау керек», делінген ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінің ақпарында

"Транстелеком" компаниясын Нұрәлі Әлиев 2021 жылы жазда сатып алған. Қазір "Транстелеком" АҚ-ның 75 пайыз акциясы Әлиевтің "Unit Telecom" ЖШС-на тиесілі. Қалған 24 пайызы Қазақстан Темір жолының үлесінде.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 999
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10296