Сенбі, 23 Қараша 2024
2793 3 пікір 8 Сәуір, 2022 сағат 14:24

Ресейліктер Қазақстанда жаппай есепшот ашуда

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері Ресей мен Беларусьтің қанша азаматы Қазақстан банктерінде шот ашқанын айтты. 

Ведомство әлеуметтік желілердегі Ресей мен Беларусь азаматтарының қазақстандық банктерде жаппай шот ашып жатқаны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді.

"2022 жылғы 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Беларусь резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Оның ішінде 10 725 шотты өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы арқылы, 1 215 шот қашықтан ашылған. Нәтижесінде, осы мемлекеттердің Қазақстан Республикасы банктерінде шоттары бар азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жетті", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Ресей Федерациясының резидент-заңды тұлғаларының жаңа шоттарының саны жыл басынан бері аздап өскен. Биыл ақпанның аяғынан бері банк шоттары Ресейдің 7 компаниясына ашылған, Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жеткен.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383