Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3173 0 пікір 23 Қазан, 2012 сағат 19:32

Қазақ осы футболды қойса қайтеді?

2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Австриядан 4:0 есебімен ойсырай ұтылды. 12 қазанда Астанада өткен ойында әзер дегенде тең ойнағанбыз. Енді келесі жылдың 22 наурызында біздің құрама немістермен ойнайды. Осында. Астанада. 26 наурызда Германияға барады. Германия 10 ұпаймен көш бастап келеді. Қазақстанда бар болғаны 1 ұпай. Швеция, Ирландия, Австрия құрамаларының артында салпақтап келе жатқан біздің футболшыларымыздың немістерге қарсы қауқар көрсете қоюы қиын-ау. Айтайын дегеніміз бұл емес.
Отандық премьер-лигада «Шахтер», «Жетісу», «Сұңқар», «Қайсар», «Астана» сияқты футбол командалары бар. Олардың ойындары әлемдік футбол командаларына қарап отырсаңыз, баланың ойыны секілді. Қазақстан құрамасы да солай.
Осы футбол саласына қанша қаржы бөлінеді. Есепсіз. Осы қаржының қайтарымы қаншалықты? Ойландыратын сұрақ.

Қанша қаржы құйғанмен Қазақстан футболы қазақстандықтарды қуанта алмай отыр. Алдағы уақытта да солай бола беретін тәрізді. Президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың «Қазақстан 2056 жылы әлем чемпионы болады» деген болжамында келісті кекесін бар. 2056 жылға дейін босқа салақтағанша, қыруар қаржыны желге шашқанша, Қазақстан осы футбол дегенді қойса қайтеді? Оның орнына олимпиадалық өзге ойындарға, нәтиже беретін, Қазақстанның мерейін үстем ететін спорт салаларына мақсатты түрде қаржы бөлуді ойластырған жөн секілді. Одан да боксқа, қазақ күресіне, ауыр және жеңіл атлетикаға, су спортына, әйтеуір алтын мен күміс әкелетін спорт түрлеріне футболға кеткен қаржыны салсақ, жақсы нәтижеге қол жеткізер едік.
Нәтижесі жоқ салаға ақша сала бергеннің қандай пайдасы бар?
«Әйтеуір футбол ойнап жүрміз, біз де қатардан қалмайық» деген ниет болса, Қазақстан футболы бұл қарқынымен ұзаққа бара алмайды.
Қазақстан бойынша барлық облыста спорт басқармалары бар. Қай облыстың қай спортқа икемі күшті? Қай саланы жедел дамыту қажет? Бөлінген қаржының қайтарымы қандай? Қайтсек, нақты нәтижеге қол жеткіземіз? - деген сұрақтарға жауап іздеу керек.
Лондон Олимпиадасында АҚШ тек қана су спортынан қаншама алтын алды. Бір америкалық спортшы өз еліне қаншама алтын әперді. Әлемге үлгі болып отырған ел - Америкаңыз футболды соншама әспеттеп отырған жоқ қой. Олар да бірдеңе білетін шығар...
Сондықтан доп қуып босқа далақтай бергенше, қашан жеңілеміз деп алақтай бергенше, осы футбол дегенді қойсақ қайтеді?!.

Н. НАРЖАН

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351