Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 4026 17 пікір 12 Сәуір, 2022 сағат 13:03

Химиялық қару: Мариуполь дабыл қақты

Ресей әскері Украинада химиялық қару қолдануы мүмкін екендігі жайында Батыстық тараптан бірнеше мәрте ақпараттар мен болжамдар айтылды. Батыс тарапы Ресей химиялық қару қолданса, онда қатаң жауап беретінін де ескерткен болатын. АҚШ басшысы Байден: «Химиялық қару соғыстың сипатын өзгертеді және өте қатаң қарсы реакция сөзсіз болады», - деді. 

Әлемдік қауымдастық қақтығыстарда химиялық қару қолданған сәтте жедел әрекет етеді. 2013 жылы Сирияда химиялық қару қолданылған жайт тіркелді. Салдарынан 1500 жуық адам қаза тапты. Әлемдік қауымдастық Сирияның химиялық қаруды жоюын талап етіп, қысымға алды. Химиялық қару БҰҰ-ның арнайы шешімі бойынша жойылды. Алайда сарапшылар 2017 жылы Сирия әскері тағы да химиялық қару қолданды деген ақпарат барын айтты және Башар Асад билігі химиялық қарудың тек қана 60 пайызын жойды деген жорамалды ұсынды.

11 сәуірде Мариуполь қорғанысында тұрған «Азов» полкі Ресей әскері дронмен белгісіз химиялық қару қолданғанын айтты. Бірнеше адам өзін жайсыз сезініп, аузынан көбік аққаны жайлы баяндады. Тұрғындардың тыныс алуы қиындаған. Мамандар бұл аз мөлшердегі зарин болуы мүмкін дейді.

11 сәуір күні сепаратист Эдуард Басурин Мариуполь қорғанысындағы сарбаздарға қарсы химиялық қару қолдануға ашықтан ашық шақырды. «Өзіміз көп сарбазымыздан айырылып қалуымыз мүмкін, ал қарсылас айтарлықтай шығынға ұшырамайды. Сондықтан қазіргі таңда біз бұл зауытты толық шығу жолдарын жауып тастауымыз керек, ол қолымыздан келеді. Артынша химиялық жасаққа өтініш айтсақ, олар көртышқандарды інінен шығарудың амалын табады деп ойлаймын. Бұл «Азовстальға» қатысты осылай айтсақ болады», - деді. Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытына 4 мыңға жуық Украина әскері мен ұлтшыл жасақтар бекінген. Олар қаланы қорғап, Ресей әскеріне соққы жасап келеді.

Украина тарапы Ресей халықаралық барлық талапты бұзып, тыйым салынған соғыс тәсілін жүргізуде деп ашық айыптады. Бұған дейін Ресейдің фосфор қаруын қолданғаны айтылған болатын. «Буча қырғыны» мен гуманитарлық дәліздерді атқылауы да нақты дәлел ретінде бекітілді. Ресей әскері химиялық қару қолдану мүмкіндігін Батыс тарапы сараптауда.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446