Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5498 0 пікір 24 Қазан, 2012 сағат 06:06

Аятжан Ахметжан. Оқулық олқы болса, оқушы білімді қайдан алады?

Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлттың ұлы ғалымы Әбунасыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» - десе, ұлттық танымның ұлы атасы, алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Балаңды ұлша тәрбиелесең, ұл болып өседі, құлша тәрбиелесең, құл болып өседі» - деген екен. Сол даналар айтпақшы, «Біз бүгін кімді тәрбиелеп жүрміз?» деген сұрақ қазақ азаматы ретінде ұлтымның болашағы үшін мені жиі толғандырады. Толғантып қана қоймайды, ойымды онға, санамды санға жіктейді. Білім мен тәрбиенің негізі, қайнар бұлағы мектеп десек, оқулық сол білімнің өзегі, тәрбиенің құралы, ұлттық мәдениеттің ұраны. Ал, біздің оқулықтар сол ауыр жүкті көтере алып жүр ме, өзінің жүгін көтерер сыны бар ма, жоқ әлде тұла бойы толы мін бе деген сұрақ  ойма орала береді. Сол себепті мен өзімнің әр елден көрген-білгенімді, оқып-түйгенімді, отандық оқулықтардағы олқылықтар мен озықтықты өз әлімше қырыма алдым, оқып көргейсіз, ойыңызға түйгейсіз, ойлы оқырман.
Озықтық - ол отандық бақыт, ол өз жақсылығын әкеле жатар. Ал олқылық ұлттыққа қауіп, ұрпақтың, нақтырақ айтқанда, ұлттың жауы, бұдан сақтану керек. Олай болса, ал кеттік, біздің оқушы құралы қандай?
Ол үшін салыстыру керек. Біз кіммен салыстырмыз өзімізді? Әрине, көршіміз Ресеймен, Қытаймен, Өзбекпен, Шығыстағы және Батыстағы дамыған, оқу-ағартуы озық елдермен.

Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлттың ұлы ғалымы Әбунасыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» - десе, ұлттық танымның ұлы атасы, алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Балаңды ұлша тәрбиелесең, ұл болып өседі, құлша тәрбиелесең, құл болып өседі» - деген екен. Сол даналар айтпақшы, «Біз бүгін кімді тәрбиелеп жүрміз?» деген сұрақ қазақ азаматы ретінде ұлтымның болашағы үшін мені жиі толғандырады. Толғантып қана қоймайды, ойымды онға, санамды санға жіктейді. Білім мен тәрбиенің негізі, қайнар бұлағы мектеп десек, оқулық сол білімнің өзегі, тәрбиенің құралы, ұлттық мәдениеттің ұраны. Ал, біздің оқулықтар сол ауыр жүкті көтере алып жүр ме, өзінің жүгін көтерер сыны бар ма, жоқ әлде тұла бойы толы мін бе деген сұрақ  ойма орала береді. Сол себепті мен өзімнің әр елден көрген-білгенімді, оқып-түйгенімді, отандық оқулықтардағы олқылықтар мен озықтықты өз әлімше қырыма алдым, оқып көргейсіз, ойыңызға түйгейсіз, ойлы оқырман.
Озықтық - ол отандық бақыт, ол өз жақсылығын әкеле жатар. Ал олқылық ұлттыққа қауіп, ұрпақтың, нақтырақ айтқанда, ұлттың жауы, бұдан сақтану керек. Олай болса, ал кеттік, біздің оқушы құралы қандай?
Ол үшін салыстыру керек. Біз кіммен салыстырмыз өзімізді? Әрине, көршіміз Ресеймен, Қытаймен, Өзбекпен, Шығыстағы және Батыстағы дамыған, оқу-ағартуы озық елдермен.
21 ғасыр техника заманы болғандықтан да, мен математика және жаратылыстану пәні оқулықтарына тоқталуды жөн көрдім.
Біріншіден, жеке авторлар жазған біздің оқулық оқушы тілінен аулақ, ғылым тілі. Мысалы айтайық, химия, физика сияқты жаратылыстық ғылымдарды оқушы тұрмақ, мұғалімі, сол мамандықтың иесі әзер түсінеді. Ал оқулық тілінің түсініктілігі оқушыны баураушы, қызықтырушы. Сондықтан, қазір оқушылар «физика мен химия, кірмейді менің миыма, химия қиын, ашиды миың» деп химия мен физиканы алынбас шыңдай көреді. Осыдан келіп аталған екі пән бізде игерілмей қалып жатыр. Өздеріңіз жақсы білесіздер, кез келген бағытқа қызығудан нәтиже шығады.
Екіншіден, жаратылыстану пәндері оқулықтарындағы сөздер бейберекет қате жазылады. Сөйлем құрлысы түсініксіз. Мысалы, оқулықтардағы кейбір анықтамаларды, есептерді оқып не айтқанын түсіну өте қиын. Қарапайым бір мысал, 5 сынып математика оқулығында мынадай есеп жүр: «Жеті картоптың құны 210 теңге, 5 килограмм картоптың құны неше?» Бұған не дейсіз? Қандай картоп? Мысал іздей берсек өте көп. Оқу-ағарту мемлекеттің болашағы, ал оқуылық оқу ағарту тірегі, онда қате жіберуге  ешқашан болмайды.
Үшіншіден, бағдарламалы, сан салалы жаттығулардың кемшілігі. Айталық, кез келген параграфтен соң, ол парграф мазмұнын ашатын толық жаттығу болу керек. Ол әр деңгейлі әр бағытта болу керек. Мысалы, химияда қолданылып жүрген 2 оқулық бар, бірі «Мектеп» баспасы, онда ұғым жақсы берліген бірақ, жаттығу жоқтың қасы, ал екіншісінде тек есептер ғана, ұғым мәнін ашатын жаттығулар орындап, ұғымды игеріп одан соң есептер істеуге жетектемесе, тек есептерді шешуге жетелеу теңізден кемесіз өтуге бағыттаумен бірдей.
Төртіншіден, мектеп оқулықтарымен бірге кешенді материялдар өте кемшін. Айталық, бар материялдардың өзі тек есептер, әйтпесе тесттер. Ал ол шынайы оқушы білімін дамытушы бола алмайды.
Бесіншіден, тәрбие құралы - тәрбиеден, патриоттықтан алыс.  Тағыда сол матеметика оқулығынан мысалдар келтірейік. Онда былай делінген: бір иттің құны 17 рубль, бір шошқаның құны 51 рубль, сонда шошқаның құны иттің құнының неше есесі? (Математика оқулығы, 5 сынып). Ал, бұған не дейік, өзімізде ақшаның бірлігі жоқ па, әлде өзге елдің қаңсығы бізге таңсық па? Шошқа мен иті ше? Басқа мұсылмандықтың, қазақылықтың нышаны жан-жануардың атын білмейміз бе? Таң қаласың авторға.
Алтыншыдан, біздегі оқулықтар жүйесіз. Әр тақырыпты ретпен орналастыру, қиннан күрделіге өту, бастапқы ұғымнан қортынды ұғымға өту деген қарапайым стандарттар сақталмаған. Айталық, математика-жаратылыстану бағытындағы 11 сынып химия оқулығының 2-тарауында органикалық кірспе ұғымын береді, онда органикалық реакция типтерін, құрлыс теориялары айтылады, ал оқушы ешқандай органикалық заттың атын да білмейді, оны 3-тараудан бастайды, онда қайдағы реакцияны жазады, қайдағы құрлысты суреттейді? Ол ол ма, дәл сол оқулықтың бастапқы тарауында жлпы химия реакцияларының типтері туралы сөйлейді де, ондағы реакция мысалдарын тек органикалық қосылыстардан алады. Сонда бұл кімге арналған оқулық, оқушыға ма әлде ғалымның өзіне керек шимайы ма?
Оқулық олқы болса, оқушы қайдан алсын білімді? Сондықтан оқулықтың сапасын жақсартып, оқушы білімін әлемдік білім деңгейіне көтеру үшін төмендегідей ұсыныстарды берер едім.
Алғашқы мәселе, оқулықты жеке автор емес, арнайы комиссия жазу керек. Оқулық зерттеу иниституты болу керек. Әрі олар автор емес, құраструшы болу керек. Себебі, оқулық әңгіме, роман емес, авторы болатын, ол диссертация да емес. Ол тек әр кітаптардан алынып мектеп деңгейіндегі мазмұндарына ыңғайлап құрастыратын, ықшамдалған көшірме. Мысалы, кәзіргі қолданылып жүген химия оқулығы сонау 50 жылдың алдындағы А.Бірмжановтың жалпы химиясының ықшамдалған көшірмесі, сондықтан ол оқулықты жеке адам «автормын» деуге мүлде болмайды.
Ал оқуылық жазу комиссиясы қалай болу керек?
Дамыған елдер тәжірибесіне негізделгенде, оқулықты сол мамандықтың ғалымы, педагогы бірлесіп жазу керек. Себебі кей ұғымдардың   оқушыға қалай түсінікті боларын сол ғылымның педагогы жақсы біледі. Сөзімізге дәлел келтіре кетсек, мысалы, біздің химия оқулықтарында оқушыға металды, бейметалды ажыратуды үйретпестен бұрын, қышқыл мен тұзды өтеді. Мұнда оқушы: «Тұз дегеніміз - қышқыл қалдығы және металдан тұратын қосылыс», -  дейді. Сонда ол металдың не екенін білмесе, тұзды қалай жазады?
Сонымен бірге, оқулықтарда қазақтың тарихы болу керек. Себебі еліміздің тарихы, мәдениеті кез келген оқулығымызда көрініп тұруы қажет. Қазақта қаншама кен көздерін  ашқан алғашқы химиктерміздің бірегейі Қаныш Сәтбаевтің оқулықтарда есімі де аталмайды.
Сондай-ақ оқулықтарды құрастыратын топтың қатарында  психолог,  қазақ тіл мен әдебиетінің маманы болуы керек, себебі оқулықтағы әр сөйлемнің мазмұны мен ұқынықтылығын, сөз-сөйлемінің дұрыстығын  аталған екі маман жіті тексеріп отыруы керек.  
Келесі мәселе, оқулық құрлымы, әр тараудың соңында тарауға қортынды және тарауға қортынды жаттығулар болуы  тиіс. Әрі ол жаттығу тек есептер мен тесттер емес, сан салалы  болғаны жөн. Мұнда да дамыған елдер тәжірибесін қолдануға болады.
Соғы ескерер түйін, оқулықтардың тек бағдарламасы емес, күнтізбелік жоспары да  тұтас бекітіліп шығуы керек. Себебі, оны әркім  білгенінше жасайды да, ол жерде жас маман, нашар маман жасаған күнтізбеліктің сапасы сын көттермей қалатын жайыттар кездесіп жатады.
Олай болса, оқулық озықтығы - болашақтың тірегі, ал болашақ ұрпақ сусындар әрбір дүниенің сапасы бүгінгі біздің мойнымыздағы жүк.  Ендеше, ойланайық.
Ұстаздардың басты мақсаты - ұрпақ тәрбиелеу, ұлттың болашағын  қалыптастыру. Оқулық - ұстаз бен шәкірттің көмекшісі, сырлас досы. Ол ешқашанда олқы болмау керек, оқулықтың олқылығы опық жегізеді.

"Abai.kz"

Автор туралы мәлімет


1986 жылы 18 шілдеде Қытай халық республикасы, Іле қазақ облысына қарасты Өртекестің Ақаяз аңғарында туған. 2006 жылы шілдеде Атамекенге оралып, 2007-2011 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінде химия мамандығы бойынша білім алған. Қазір Астана қаласы №66 мектеп-лицейінде химия пәні мұғалімі.
Өлеңдері мен мақалалары Қазақстан  мен Қытайдағы бірқатар басылымдарда жарияланып келеді. Қалалық, облыстық мүшәйралардың және ақындар айтысының жеңімпазы. 2010 жылы «Еркіме көнші, ей өмір» атты жыр жинағы жарық көрген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299