Халық мұндай жаңалықтан хабарсыз болғандықтан қоғамдық тыңдау ұйымдастыру керек деп шештік, дейді ұйымдастырушылар. Экобелсенділер жобаны дұрыс ойластырылмаған, қауіпті және шығыны көп деп атады. Олар Қазақстанда экология мәселесі назарға ілінбей отыр деп есептейді.
— Өртеу — өте қауіпті процесс, қалдықтарды басқару жүйесі оларды полигондарда өртеуден құрылмауы тиіс, оның орнына қоқысты сұрыптау әдісі жетілдірілсін, — дейді экобелсенді Юлия Душкина.
Тыңдау ұйымдастыруышлар қалдықтардың 80 пайызын сұрыптауға болатынын әлем тәжірибесі көрсетті деп есептейді. Экобелсенділердің айтуынша, қоқысты өртеген кезде оның 40 пайызы улы күлге айналады, оларды көмуге жаңа полигондар қажет болады.
Бұған қоса, белсенділер қоқыс өртеу зауыттарының құрылысы жобасында "жемқорлық элементтері" бар деп отыр. Экологиялық құқық мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы Вадим Нидің айтуынша, мұндай зауыттарды қоғамдық тыңдаусыз салуға болмайды. Сол себепті олар тиімсіз жобаны тексеруін сұрап, Бас прокуратураға үндей жолдауды көздеп отыр.
2022 жылы қоқыс өртейтін зауыттар құрылысы басталатынын бұған дейін экология министрі Серікқали Брекешев мәлімдеген. 2021 жылғы жазда алғашқы аукцион саудасы өткен. Оны "Waste2Energy" компаниясы жеңген. Бастапқыда қоқыс өртейтін зауыттар құрылысына бөлінетін инвестиция 180 миллиард теңге деп белгіленген, бірақ кейін оның құны 293 миллиардқа дейін көтерілген. Алты зауыт 2025 жылдың аяғына дейін салынуы тиіс.
Abai.kz