Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2491 1 пікір 15 Сәуір, 2022 сағат 10:27

Мәжіліс депутаттары: Президент Жарлығы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді

Бүгін Мәжіліс депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлығына қолдау көрсетіп, өз пікірлерін білдірді.

Мәселен депутат Мейрамбек Төлепберген facebook-тегі парақшасында жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылғанын айтып, құжаттың маңыздылығына тоқталды.

«Бұл шаралардың барлығы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді», – деді М.Төлепберген.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров бұл жарлық мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға септігін тигізетінін айтты.

«Жедел шешім қабылдайтын кезде, шенеуніктер бюрократияға салынып қашқақтайды. Бұл өз кезегінде, көптеген күрмеулі мәселелердің жылдар бойы шешілмеуіне алып келеді. Құжат осы жүйелі проблемаларды реттеудің жолы болып табылады», – деді Е.Саиров.

Депутаттар Президент жарлығы мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайландыруды тездетуге жол ашады деген пікір айтуда.

«Мемлекеттік аппараттың мақсаты айқын. Ол – халықтың мүддесін көздейтін маңызды құжатты ел игілігі үшін тиімді орындау», – деді Нұрлыбек Ожаев facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары Президент жарлығы мемлекеттік қызметті заман талабына сай жетілдіруге бағытталғанын айтып, facebook-тегі парақшаларында өз ойларымен бөлісті.

«Ең алдымен шешім қабылдану үдерісі жылдамдатылады. Одан кейін,  мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі артып, құжат айналымы мен қағазбастылық азаяды», – деп жазды Мәжіліс депутаты Бауыржан Сартбаев.

Сондай-ақ, депутат Бақытбек Смағұл бюрократияның халық пен бизнеске қиындық әкелетінін айтып, Жарлықтың осы мәселелерді түбегейлі шешетініне назар аударды.

«Президенттің бүгінгі Жарлығы мемлекет пен ұлттық мүддені көздейтін аса маңызды құжат болып отыр. Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған тарихи құжаттардың бірі болады және нақты жүзеге асырылады деген үміттемін», – дейді Бақытбек Смағұл.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485