Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4674 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 06:23

Ұсыныс: Жаңаөзен қаласының атын өзгерту керек!

МАҢҒЫСТАУДА БЕКЕТ АТА АТЫНДАҒЫ  ҚАЛА БОЛСА...

Жаңаөзендік ақсақалдар осындай ұсыныс жасады

Құрбан Айттың екінші күні ел азаматтары мен маңғыстаулық ақсақалдар Оғланды жеріндегі Бекет Ата басына зиярат етіп, баба рухына тәу етті. Зияратқа Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов та барды. Әкім өз атынан құрбан шалып, жиналған жұртшылыққа ас берді. Ақ дастархан басында ақсақалдармен келелі кеңес құрды. «Бүгін ерекше күн болып тұр. Біріншіден - қасиетті Құрбан айт, екіншіден - киелі жерде бас қосып отырмыз. Осындай киелі жерде өлкеміздің даму болашағы туралы ақсақалдармен ой бөлісіп, ақылдасқым келеді» - деді облыс басшысы.

Жиында облыстың бірнеше өзекті мәселесі талқыланды. Соның ішінде жаңаөзендік ақсақалдардың ұсынысы ерекше болып шықты. Олар Жаңаөзен қаласын Бекет Ата деп атауды қалайтынын жеткізді.

МАҢҒЫСТАУДА БЕКЕТ АТА АТЫНДАҒЫ  ҚАЛА БОЛСА...

Жаңаөзендік ақсақалдар осындай ұсыныс жасады

Құрбан Айттың екінші күні ел азаматтары мен маңғыстаулық ақсақалдар Оғланды жеріндегі Бекет Ата басына зиярат етіп, баба рухына тәу етті. Зияратқа Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов та барды. Әкім өз атынан құрбан шалып, жиналған жұртшылыққа ас берді. Ақ дастархан басында ақсақалдармен келелі кеңес құрды. «Бүгін ерекше күн болып тұр. Біріншіден - қасиетті Құрбан айт, екіншіден - киелі жерде бас қосып отырмыз. Осындай киелі жерде өлкеміздің даму болашағы туралы ақсақалдармен ой бөлісіп, ақылдасқым келеді» - деді облыс басшысы.

Жиында облыстың бірнеше өзекті мәселесі талқыланды. Соның ішінде жаңаөзендік ақсақалдардың ұсынысы ерекше болып шықты. Олар Жаңаөзен қаласын Бекет Ата деп атауды қалайтынын жеткізді.

Жаңаөзен қаласы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Айдаров қаланың атын өзгерту туралы идеяны ортаға тастады. Оның айтуынша, қазақтың өз ой-арманы бар. Ол - бұрынғы өткен рухани тұлғаларымызды, бабаларымызды ұлықтап, олардың өмірін өнеге ету, еңбегін сақтап қалу мақсатында аянбай қызмет қылу. «Қаламыздың атын, өздеріңіз ұлықтап, бас иетін Бекет Ата атымен атауды жаңаөзендік ақсақалдар қолдап отыр, осы ұсынысты сіздердің талқыларыңызға салғымыз келеді», - деді А.Айдаров.

Бұл бастама облыстың барлық аймақтарынан келген ақсақалдардың арасында қызу пікірталас тудырды. Өз ойын білдіргендердің бірі - Сақып Керелбаев ақсақал. Ол маң далада үш қасиетті атау барын айтты. Оның біріншісі, Маңғыстау аты. Екінші, Адай ата. Оған Отпан тауда есімі әспеттеліп, ескерткіш қойылды. «Үшіншісі, Бекет Ата екеніне ешкімнің таласы жоқ шығар. Демек, бабамыздың атымен қандай шаһарды атасақ та жарасады», - деді С.Керелбаев.

Сонымен қатар, ол: «Облысымызда Ата атымен аталатын мешіт қана бар, ол аздық етеді. Сондықтан бабамызды ұлықтап, рухани болмысын насихаттауымыз керек», - дейді. Қариялардың айтуынша, атақ-абыройы асқан, пір тұтатын бабамыздың атын ауылға бере салған орынды болмайды, сол себепті Жаңаөзен қаласына беру өте дұрыс ұсыныс болар еді. «Өйткені, Жаңаөзен 120 мың халқы бар кең, келісті шахар, әрі табысы мол қала», - деп атап өтті ақсақалдар.

 

БҰЛ ҰСЫНЫС БІРНЕШЕ ЖЫЛ БҰРЫН ҚОЗҒАЛҒАН

Ақтау қаласының тұрғыны Сақып Керелбаев: «Маңғыстауда Бекет Ата деп үлкен елдімекеннің атын беріп жатсақ, ол ұтылғандық емес», - дейді. Тіпті бұл шара әлдеқашан істелу керек еді деп есептейді ол. Иә, Бекет Атаның атын Жаңаөзенге беру бүгін ғана көтерілген, талқыланған мәселе емес. Ел ағалары мұндай ойды бірнеше жылдан айтып келген екен. Асылбек Айдаров екі жыл бұрын Атаның 260 жылдығында осындай ұсыныс айтылғанын жеткізді. Бірақ ол аяқсыз қалыпты.

ТАРИХҚА ҚИЯНАТ БОЛМАЙДЫ

Бастамаға ақсақалдар жан-жақты сараптама жасады. Мысалға, жаңаөзендік ақсақал Тыныштық Базарбаевтың пікірінше, Жаңаөзен қаласын Бекет ата деп ауыстырсақ, тарихқа еш қиянат болмайды. Өйткені, бұл атау Кеңестік кезеңде қазақтың тарихын білмейтін басқа ұлт өкілдерінің аспаннан алып, қоя салған аты. 1960 жылдары жер қойнауының игерілуіне байланысты пайда болған қаланың атын кеңес үкіметі «Новый Узень» деп атаған. Оны «Жаңаөзен» деп өзіміздікілер қазақшалап алған екен. Ол уақытта қалада 30 мыңға жетер-жетпес адам тұратын. Тыныштық Базарбаев қаланың тарихи тамыры Қызылсай ауылында жатқанын айтады. Ал Бектұр Төлеуғалиев Жаңаөзен деген сөздің түп-төркіні түркмендердің өжен деген сөзінен  шыққанын жеткізді. «Маңғыстауда өзен де, көл де болған жоқ. Бұл жерде тек құдық болған», - дейді қария.

Бекет Ата аты қалаға берілуге лайықты, оған еш талас жоқ десті ақсақалдар. Оған тағы бір мысал, елімізде ұлы тұлғалардың атымен аталған қалалар жетерлік. Абай, Сәтбаев, Шевченко деп аталған қалалар бар. Ол аз десеңіз, патшалы Ресей мен Кеңестік кезеңде көптеген қаламыз тегі де, елге сіңген еңбегі де белгісіз, кездейсоқ тұлғалардың атымен аталғаны белгілі. Күні кеше Маңғыстаудағы Қарақия ауданын Ералиев деп жүргеніміз есімізде. Қазіргі кезде Шалқар әулиенің атымен үлкен елдімекен аталып отырғанын да білеміз. Мұндай дерек-дәйектер елімізде де, әлем тарихында да жетіп артылады. Сондықтан, Қазақстан халқы мойындаған, бас иетін әулиенің атымен атасақ еш әбестік болмайды деп отыр ақсақалдар.

БЕКЕТ АТАНЫҢ ЖОЛЫ - БІРЛІКТІҢ, ЕЛДІКТІҢ ЖОЛЫ

Ақсақалдар жиында тағы бір уәжді алға тартты. «Бұл қала, бір сөзбен айтқанда, Пір Бекетке баратын қақпа», - дейді. Шындығында, Бекет Атаға баратын зияратшылардың барлығы осы қаланың үстінен өтеді. Көпті көрген ақсақалдар әріден ойлайды ғой. Әулие бабаның атын беру қаланың жарқын болашағына жол ашатын ырым болар еді. «Жаңа атаумен аталса, шаһардың жолы ашылады», - дейді қариялар. Сонымен бірге, бұл шараның тәрбиелік мәні де бар. Ақтау қаласының тұрғыны Сағын Қырымқұловтың айтуынша, бұл атау халықты Бекет Атаның жүрген рухани жолына бастайды. Бір сөзбен айтқанда, қала жұртшылығына жауапкершілік жүктейді. «Мәдинада -  Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда -  Пір Бекет деген асыл сөз - біздің тірегіміз, адаспайтын алтын шынжырымыз екені рас. Осы ретте, Тыныштық Базарбаев: «Елімізде Пір Бекет Атаны білмейтін адам жоқ, олардың әулиеге құрметі ерекше, қатты сыйлайды. Сондықтан қала көркейіп, рухани тазарады деп ойлаймын», - деді. Асылбек Айдаров Атаның шарапатымен жастар адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиеленеді деп отыр. Ал Сақып Керелбаев: «Бұл қала және оның тұрғындары келешекте Бекет ата жолының үлгісін көрсететін болады», - дейді.

«Өлі жебемей, тірінің тірлігі алға баспайды деген. Бұл қадам ата рухына деген шексіз құрметтің белгісі ғана емес, ата рухының қолдауымен Маңғыстаудың одан әрі дамуының кепілі болады», - деп сенеді қариялар.

 

ТҮЙІН

Жаңазендік ақсақалдардың ұсынысын барлығы қолдады. Қырыққа жуық қария қаланы Бекет Ата деп өзгерту туралы ұсыныс хатқа қол қойып, облыс басшысына тапсырды. Хатта: «Сіз біздің әулие атамыздың атын мәңгіге сақтап қана қоймай, әлемдік карталарға енгізсек деген игі тілегімізге түсіністікпен қарайтыныңызға сенімдеміз. Біздің бұл тілегіміз - бүкіл елдің тілегі», - делінген. Елдің тілегін қабыл алған Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов бұл ұсыныс заң шеңберінде қаралатынын айтты. Бұл мәселе әуелі Жаңаөзен қалалық мәслихатында қаралып болғасын, ономастикалық комиссияға жол тартады.

Дәурен Омаров

Ақтау

Маңғыстау облысының әкімі

Б. Мұхаметжанов інімізге

Құрметті Бауыржан Әлімұлы!

 

Өзіңіз басшылыққа келгелі бері киелі Маңғыстау өңірінде көптеген игі істер қолға алынды. Ел тілеуін тілеген ақсақалдар ретінде осы игі бастамаларыңызға қолдауымызды білдіреміз.

2010 жылы бүкіл ел болып 260 жылдығын атап өткен ағартушы әрі руханият абызы Бекет Мырзағұлұлының Маңғыстау тарихы мен рухани өміріндегі алар орны туралы өзіңіз жақсы білесіз.

Құдайға шүкір, Ұлт Көшбасшымыздың сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Оның ішінде Маңғыстау өңірінің де соңғы жиырма жылдағы алған асулары айтып жеткізгісіз. Ең бастысы, осы аралықта, кезінде тоз-тоз болып кеткен Адай ата ұрпақтары кіндік қаны тамған ата жұртқа қайта жиналып, «өлгені тіріліп, өшкені жанғандай» болды. Біз Ел иесі, Жер киесі Пір Бекет Атамыздың рухын қайта жаңғырттық.

Біз жаратушыға, пайғамбарға сиына отырып, әулиелерін де ұмытпаған қазақпыз, Мәдинада -l Мұхаммед, Түркістанда -l  Қожахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет деп ұрандатқан қазақпыз.

Үлкеннен үлгі, атадан нақыл деген. Осы орайда, ақсақалдар сөзін жерге тастамаған ұлтжанды ұл ретінде Сізге айтатын бір үлкен бұйымтайымыз бар.

Біз Сізден Маңғыстаудағы үлкен бір елді мекенге - Әлсізге -l  Медет, Зарыққанға - Жебеу, Тарыққанға - Демеу, Асқанға - Тосқан, Сасқанға -l Сая, Ұрпаққа -l Ұстаз, Ұлысқа -l Ұран болған Бекет Ата атын беруді сұраймыз. Қазақстанның іші ғана емес, Әулие атамыз туралы хабардар қай елге барсаңыз да, Маңғыстау десе Пір Бекет қоса аталады. Бүгінде Бекет Ата аты мен Маңғыстау өлкесі егіз ұғымға айналды. Сондықтан, біздіңше бұл көптің көкейінде әбден пісіп-жетілген, орынды да орнықты шешім болар еді.

«Өлі жебемей, тірінің тірлігі алға баспайды» дейді. Бұл қадам Ата рухына деген біздің шексіз құрметіміздің белгісі ғана емес, Ата рухының қолдауымен киелі Маңғыстаудың мұнан әрі дамуының кепілі болар еді деп ойлаймыз.

Ал, Ата аты қай жерге берілуі қажет дегенге келсек, көптің пікірінше бұл қазіргі Жаңаөзен қаласы болғаны жөн.

Біріншіден, Әулие жатқан қасиетті Оғыланды жеріне баратын жалғыз жол осы қала арқылы өтеді. Ел «Ата жолы» деп атаған жол осы қаладан бастау алады. Бір сөзбен айтқанда бұл қала - Пір Бекетке баратын қақпа.

Екіншіден, Ата рухының атақ, айбарын ескере отырып Әулие атамыздың атын шағын бір ауылға бере салу орынды болмас еді деп санаймыз. Ал, Жаңаөзен - тұрғындарының саны 120 мыңға жеткен, кең де келісті, үлкен шаһар.

Үшіншіден,  Ата атын Жаңаөзенге беру арқылы біз тарихқа ешқандай қиянат жасамаймыз. Бұл кешегі Кеңестік дәуірде аспаннан алынып, ештемеге бас қатырғысы келмеген басқа ұлт өкілдерінің Новый Узень деп қоя салған атауы.

Жалпы, ел Пір тұтқан Әулиелердің атына тұтас қала атын беру әлем тарихында өте көп кездеседі. Мұндай мысалдарды жүздеп емес, мыңдап санап беруге болады. Сондықтан, Сіз біздің Әулие Атамыздың атын мәңгіге сақтап қана қоймай, әлемдік карталарға енгізсек деген игі тілегімізге түсіністікпен қарайтыныңызға сенімдіміз.

Біздің бұл тілегіміз - бүкіл елдің тілегі.

Бұл мәселе, күллі мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесі аясында Оғландыдағы Бекет Атамыздың басында жергілікті  жұртшылық бастамасымен талқыланып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Баурыжан! Ұсынысымызды жерде қалдырмай, толықтай қолдау көрсетіп, жұмыстанып, оң шешім қабылдауға ықпал етуіңізді сұраймыз.

 

Ізгі ниетпен,

Маңғыстаудың бір топ ақсақалдары

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299