Сенбі, 25 Маусым 2022
Анық-қанығы 1437 1 пікір 18 Сәуір, 2022 сағат 12:46

БАҚ: Мәсімовтің бауыры ұсталды

«Павлодар облысы полиция департаментнің бұрынғы басшысы, генерал Нұрлан Мәсімов ұсталды»,- деп жазады Kozachkov offside телеграм арнасы.

Телаграм арна Нұрлан Мәсімов туралы екі түрлі ақпарат береді. Біріншісі, Нұрлан Мәсімов Қырғызстанмен шекарадағы «Қордай» бекетінен жаяу өтіп кетпек болған кезде ұсталған. Оған Павлодар облысы Полиция департаментін басқарып тұрғанда жасаған жемқорлық қылмысы үшін іздеу жарияланған. Мәсімовті арнайы бортпен Павлодарға жеткізіп, істі Антикор зерттейтінін айтады.

Екінші дерек бойынша - шекарадан өтуге шектеу қойылған, сондықтан Мәсімов шекарадан өте алмаған. Ол Қазақстанға қайтадан оралған. Әзірге оны ешкім ұстаған жоқ.

Айта кетейік, Нұрлан Мәсімов – Кәрім Мәсімовтің немере інісі. К.Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып тұрған кезде Н.Мәсімов Алматы облыстық полиция департаментінде, ІІМ-де, жауапты қызметтер ақтарды. Соңғы лауазымы – Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы. Ағасы К.Мәсімов 6 қаңтарда тұтқындалды, ал Н.Мәсімов 17 қаңтарда қызметінен кеткен еді.

Abai.kz

1 пікір