Жұма, 2 Қазан 2026
Билік 3830 1 пікір 18 Сәуір, 2022 сағат 13:13

Қазақстанда орташа зейнетақы қанша?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемінің орташа мөлшерін атады.

«2022 жылғы 1 сәуірдегі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып жасалған есепте  зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - 105 344 теңге», – делінген министрліктің хабарламасында.

Аталған уақыттағы есеп бойынша елімізде зейнеткерлер саны 2 миллион 245,6 мың адамнан асады.

1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 миллиард теңгеден астам зейнетақы төленген.

Наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 миллиард теңге жұмсалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 476
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 716