Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3319 0 пікір 16 Қазан, 2012 сағат 07:34

Оңтүстік Қазақстан облысы ардагерлерін аялаған аймақ

Оңтүстік Қазақстан облысыныда ардагерлердің шипажайларда ем қабылдауы үшін бюджеттен 300 млн теңгеден аса қаржы бөлінді. Ардагерлер ұйымдары республикалық қоғамдық бірлестігінің аймақтық семинарында осындай мәліметтер айтылды.

«Біздің ардагерлерге коммуналдық жеңілдіктер қарастырылған. Майдангерлер қоғамдық көліктерде тегін қатынайды. Облыс бюджетінен бөлінген 308 млн теңгеге сегіз мыңдай ардагер аймақтағы емдеу мекемелерінде ем-дом қабылдады. Сонымен қатар ардагерлерге дәрі-дәрмектердің арзан бағамен берілуі шешілді», деді ОҚО бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов.

Жиынға қатысқан алматылық меймандар Оңтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер ұйымының жергілікті билікпен және кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәсілімен танысты.

Семинардан кейін қатысушылар облыстық аурухана мен кардиологиялық орталықта болды. Бұған қоса, Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін тамашалады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2427
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 646
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629