Сенбі, 23 Қараша 2024
2090 0 пікір 20 Сәуір, 2022 сағат 11:07

ArcelorMittal жұмысшылары наразылық білдіруде

Ақтаудағы "ArcelorMittal Tubular Products Aktau" акционерлік қоғамының жетпістен аса жұмысшысы жалақы көтеруді талап етіп, бес күннен бері жұмысты тоқтатып, ереуілде тұр.

Олар 15 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа видеоүндау жолдап, мәселеге араласуын сұраған.

"Мекеме басшылары талабымыз бойынша оң шешім қабылдамағандықтан бес күннен бері ереуілде тұрмыз. Біз жұмысшылар атынан зауыт басшыларына хат жолдадық. Хатқа жауап бермегендіктен үндеу жолдауды жөн көрдік. Қазір барлық заттың бағасы өсуіне байланысты жалақымызды көтеруіңізді сұраймыз" дейді жұмысшылар үндеуінде.

Ресми сайттағы ақпаратқа қарағанда, "ArcelorMittal Tubular Products Aktau" компаниясы – "АрселорМиттал" компаниясының құбыр шығаратын зауыттары құрамына кіреді. "Бұл – диаметрі үлкен болат құбыр шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт" деп жазылған сайтындағы ақпаратта. Зауыт өнімдері мұнай мен тау-кен өндірісі саласында, жол бойымен су тасымалдауға қолданылады. Зауыт 250 адамға дейін жұмыс істейтін орташа кәсіпорын саналады. 2020-2021 жылдары бюджетке 1,7 миллиард теңге салық төлеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417